Әнші «ЖБ шоу» бағдарламасында қызық бір оқиғасын айтып берді.
Нұрлан Еспанов: Қазақтың көк Туын ұстағаным үшін екі полицей қолымды қайырып әкетті
Видеодан скриншот
5,453
оқылды

Нұрлан Еспанов «ЖБ шоу» бағдарламасында қызық бір оқиғасын айтып берді.

Әнші бірде ПСЖ командасының стадионына барып, ойын тамашалағанын еске алды. «Өнер адамы болған соң, теледидарға түсіп қалайыншы деп ойладым. Сөйтіп, қазақтың көк Туын ұстап, қолымды айқара жайып тұрдым. Бір кезде екі полицей келіп, No racism деп, қолымнан ұстап алып кетті. Сөйтсем, ол жақта мұндай әрекетке тыйым салынады екен. Тіпті қасымда Аргентинаның туын ұстап отырған адамды да алып кетті», – деді ол.