Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толды. Ширек ғасырдан астам халыққа қызмет істеп келе жатқан Ата Заңның мерейтойына орай Астанада «Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» атты конференция өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйледі.
Конституция – тәуелсіздік темірқазығы
3,921
оқылды

Президент конференцияның айы­рықша мәні бар екенін атап,  Конс­титуцияны 30 жыл бұрын бү­кілхалықтық референдумда қа­был­данғанын,  сол уақыттың елі­міз үшін тарихи сәт болғанын атап өтті. Әрі Конституция мемле­кет­ті­гіміздің мызғымас тұғыры, Тәуел­сіздігіміздің айнымас  темір­қа­зығы екенін тілге тиек етті. Со­нымен қатар Мемлекет басшы­сы қазақ халқының заңға бас иіп, оны аттамағанын да айтты.

«Қазақ – Ұлы дала заңына бас иген, ар-ұяттан аттамаған халық. Қа­сым ханның қасқа жолы, Есім хан­ның ескі жолы, Әз Тәукенің Же­ті жарғысы – нағыз дала заңы­ның жарқын үлгілері. Осы дәстүр ешқашан үзілген емес.

Жұртымыз дала заңынан қа­зір­гі Ата Заңына дейін тарихи жол­дан өтті. Өткен ғасырдың ба­сын­да қазақ зиялылары бұл іске елеу­лі үлес қосты. Кеңес зама­нын­да еліміздің құқықтық ірге­та­сы қаланды, білікті заңгерлер шоғыры пайда болды.

1993 жылы егемен Қазақ­стан­ның алғашқы Ата Заңы бекітілді, мем­лекетіміздің конституциялық құ­рылымы айқындалды. Бірақ көп ұзамай жаңа тарихи ахуалға сай ке­летін жаңа Конституция қа­был­дау қажет болды. Осыған орай ар­найы кеңес құрылды, оған бір топ бел­гілі отандық заңгер мү­ше бо­лып, белсенді жұмыс жүр­гіз­ді. Ше­т­елден шақырылған са­рап­­шы­лар да осы маңызды іске ат­салыс­ты.

Ата Заңымыздың жобасын тал­қылауға миллиондаған азамат қа­тысты, мыңдаған ұсыныс келіп түс­ті. Конституция туралы айт­қан­да, тұңғыш Президент Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың та­банды еңбегіне әділ баға беру қа­жет. Ол Конс­титуция қабыл­дан­ған кезде Мем­лекет басшысы ре­тінде ше­шу­ші рөл атқарды.

Осылайша, 1995 жылы 30 та­мыз­да Тәуелсіздік төлқұжаты, яғ­ни Конституция қабылданды.

Еліміздің басты заңына «Біз, ор­т­ақ тарихи тағдыр біріктірген Қа­зақстан халқы...» деген сөздер жа­зылды. Конституциямыз Тәуел­­­сіз­дігімізді нығайтуға зор ық­па­лын тигізді, еліміздің одан әрі да­­­муына даңғыл жол ашты» – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Осы­лай­ша,  Президент тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдары қызмет еткен Қа­зақстанның алғашқы Конс­ти­ту­циясының да, 1995 жылы заман та­лабына сай келетін жаңа Ата Заң­ды қабылдау кезінде еңбек сіңір­ген тұлғалардың да тарихи жадтан өшпейтінін тұспалдады.

Заман талабымен үндескен құжат

Сонымен қатар әлемдік қауым­­­­­­дастықтың белді мүшесі ре­тінде Қа­зақстанның   жаһандағы өзге­ріс­терге ілесе білуі қажет бол­ға­нын, сол үшін отыз жыл ішінде Конс­­титуцияға 6 рет түзету енгі­зіл­генін айтты. Қоғамдық және сая­­си дамудың жаңа жағдайлары­на Ата Заңымызды бейімдеуді көз­деген бұл өзгерістер 1998, 2007, 2017 және 2022 жылдары енгі­зіл­ген болатын. Дегенмен ел дамуы­ның жаңа серпін берген рефор­ма­лар Конституцияға енгізілген соң­­ғы өзгерістерден соң  бастал­ға­­ны баршаға мәлім. Бұл туралы Пре­зидент те атап өтті.

«Бірақ ең басты конститу­ция­лық өзгеріс осыдан үш жыл бұрын жа­­салды деп айтсақ, орынды бо­лар. Конституциялық реформа­ның арқасында еліміздің саяси-құ­­қықтық жүйесі түбегейлі жаңа си­патқа ие болды. Сол кезде Конс­­титуцияға түзетулерді Пар­ла­мент арқылы өткізу керек деген ұсы­ныс кеңінен айтылды. Бірақ күр­делі болса да, басқа жолды таң­дау жөнінде шешім қабыл­дан­ды. Ел болашағына тікелей әсер ететін аса маңызды шешімдерді тек референдум арқылы қабылдау қа­жет деген ұстанымды міндетті түр­де сақтау керек деп ұйғардым.

Елімізде «Республикалық ре­фе­рендум туралы» заң ширек ға­сыр бұрын қабылданды. Бірақ осы кезге дейін бірқатар себеппен бү­­кіл халық өзекті мәселелер бойын­­ша дауыс бермеді. Ал аза­мат­та­ры­мыз ел тағдырына қатыс­ты әр мә­­селеге өз ой-пікірін, көз­­­­­­қара­сын ашық білдіргісі келді. Қо­­ға­мы­мызда дәл осындай сұра­ныс бол­ды. Сондықтан рефе­рен­дум өт­­­­­­кізу туралы бастамаға бар­ша ха­лық бірауыздан қолдау көрсетті. Жұртымыз Конс­ти­ту­ция­ға ен­гі­зілген түзетулерді зор құл­шыныс­пен жақтап, дауыс берді.

«Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деген Конс­ти­туция бабы нақты жүзеге асы­рыл­ды. Бұл қоғамымыздағы саяси үр­діске зор серпін берді. Енді елі­міздегі барлық маңызды ше­шім­дерді бір ел болып талқылап, бір­ге қабылдайтын болдық. Был­тыр Атом электр стансасын салуға қа­тысты өткен референдум – со­ның айқын дәлелі», – деді Мем­ле­кет басшысы.

Президент 2022 жылғы ре­фор­маны  қолға алуға сол кездегі  өте күр­делі саяси жағдай себеп бол­ға­нын атап өтті. Әрі соңғы ре­фор­ма­лар Қазақстанның конс­ти­туция­лық құрылымы та­ри­­хын­дағы ең мазмұндысы болған еді.  Мемлекет басшысы референдумда Ата Заңға түзету енгізумен шектеліп қалмай, Конституцияның жаңа жобасын дауыс­қа салу туралы көптеген ұсы­ныс айтылғанына да  тоқ­тал­ды. Әрі мұндай бастамалардың кө­терілуі бекер болмаған. Со­ны­мен қатар заңнамалық тұрғыдан орын­ды әрі саяси жағынан билік­тің беделін арттыратын айтар­лық­тай оңтайлы тәсіл болып көрінген.

«Алайда 1995 жылы қабыл­дан­ған Конституцияны рефор­ма­лау­мен шектеліп, оның негізгі мән-маз­мұнын сақтау жөнінде шешім қа­былдадым.

Осы арқылы Конституцияның бас­ты ережелерінен айны­май­ты­ны­мызды дәлелдедік. Сондай-ақ ел бірлігі, халықтың тыныш әрі бе­рекелі өмірін қамтамасыз ету жә­не ішкі саяси тұрақтылықты сақ­тау секілді мемлекетіміздің жо­ғары құндылықтарын берік ұстанатынымызды көрсеттік.

Осы шешімнің арқасында бү­гін Конституцияның 30 жылдық ме­рейтойын атап өтіп отырмыз», – деді Президент.

Сонымен бірге Президент жаңа саяси жағдайға, қоғамды жан-жақты жаңғырту міндет­те­ріне сай келмейтін Конститу­ция­да­­ғы ережелер референдум ар­қы­лы жойылғанын да атап өтті. Ре­­­­фендум нәтижесінде Конс­ти­ту­ция баптарының үштен бірі жаңар­тылды. 

«Бұл – конституциялық ре­фор­ма ауқымының айқын көр­сет­кіші. Көп жылдан бері қоғамның кө­кейінде жүрген Әділдік, Ашық­тық, Есептілік, Жауапкершілік қа­ғидаттары Ата Заңда көрініс тап­ты. Азаматтардың Консти­ту­ция­ға сенімі нығая түсті. Рефе­рен­дум өткізудегі басты мақсат осы болатын.

Сондай-ақ еліміздің саяси жүйе­сінде «Күшті Президент – ық­палды Парламент – есеп бе­ре­тін Үкімет» қағидаты орнықты. Бұл билікте өзара тиімді байланыс пен тепе-теңдікті сақтауға мүм­кін­дік берді. Президенттің жеті жыл­ға бір рет қана сайлануы ел та­рихындағы аса маңызды саяси-құ­қықтық бетбұрыс деп айтуға то­лық негіз бар. Себебі мұндай жағ­дай Қазақстанда бұрын-соңды болған емес.

Осылайша, елімізде биліктің біре­гей үлгісі пайда болды, яғни мем­лекеттік басқару жүйесі жаңа қағи­даға сай жұмыс істей бастады, сол арқылы мемлекеттегі саяси үде­рістер әлдеқайда түсінікті, бол­жамды, айқын бола түсті. Нақ­ты айтқанда, Президенттің жақын туыстарына билік жүйесінде лауа­зымды қызмет атқаруға тыйым са­лынды. Биліктегі отбасылыққа тосқауыл қойылды. Бұл да өте қа­жетті қадам болды.

Халықтың осы шешімі – аса маңызды саяси-құқықтық жаңа­шылдық, әлемде баламасы жоқ конституциялық инновация.   

2019 жылдан бері біз кезең-ке­зеңімен бірнеше саяси реформа жүр­гізіп, саяси жүйені дәйекті түр­де жаңғырттық», – деді Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде еліміз­дегі реформаларға бірқатар ке­дер­гілер де болғанын, саяси ортаның бел­гілі бір бөлігі қоғамды жаңғыр­ту­ды көздейтін бастамаларға кү­мәнмен қарап, тіпті қабылдай ал­мағанын да айтты. Дегенмен  қа­зір Мемлекет басшысы таң­да­ған стратегиялық бағыттың дұрыс екеніне  көпшіліктің көзі жетті. Бұл өз кезегінде елімізді өрке­ниет­ті қоғам құру жолына бас­тай­ды.

Бір атап өтер жайт, 2022 жылы өткен референдум ұлтымызды бұ­рын-соңды болмаған деңгейде ұйыс­тырып, мемлекет алдындағы ст­ратегиялық міндеттердің төңі­ре­гіне топтастырды. Бұл құбылыс­ты атап өткен Президент азама­т­тар­дың саяси бағдарды қол­да­ғанын да тілге тиек етті.

«Азаматтарымыздың жаңа сая­си бағдарды бірауыздан қол­дауы алға ілгерілеуден басқа жол жоқ екенін айқын көрсетті.

Тарихи өлшем тұрғысынан өте қыс­қа уақыт ішінде қоғам саяси ке­мелдік пен азаматтық жауап­кер­шілікті күшейтетін іргелі өз­геріс­терді бастан өткерді.

Әділетті Қазақстанды құру про­цесін енді ешкім тоқтата ал­май­ды. Өткенге оралуға, ең алды­мен, еліміздің жастары жол бер­мей­ді. Білімді жас ұрпақ ке­ле­­шекке көз тігеді. Олар Қазақстанды жаңа заманның талабына сай келетін өркениетті мемлекет ретінде көргісі келеді.

Түптеп келгенде, конс­титу­циялық реформа саяси жаңғыру үде­рісіне зор серпін берді. Пар­ла­менттің рөлі артты, Үкіметтің жауап­кершілігі күшейді. Орталық және жергілікті атқарушы билік­тің құзыреті қайта бөлінді.

Жаңа талапқа сәйкес Пре­зи­дент, Сенат, Мәжіліс және мәсли­хат­тар сайлауы өтті. Өкілді билік­ке әртүрлі көзқарастағы саяси күш­тер мен азаматтар келді. Түрлі сая­си партия Парламенттен орын ал­ды. Аралас сайлау жүйесі тәуел­сіз үміткерлерге жол ашты. Бар­лық деңгейдегі мәслихат депу­тат­тарының 90 пайызы бірмандатты округт­ен сайланды.

Төрт жылдың ішінде барлық ауыл әкімдері жаңа ережеге сәй­кес сайланды. Олардың көбі – бұ­рын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген азаматтар.

Осылайша, билікке жаңа буын өкіл­дері келіп жатыр. Биылдан бас­тап аудан және облыстық маңы­­­­зы бар қала әкімдерін халық тікелей сайлайтын болды. Бұл – Орталық Азия аймағында бұрын-соңды болмаған тәжірибе», – деді  Мемлекет басшысы.

Президент өз сөзінде «Халық үні­не құлақ асатын мемлекет» тұ­жырымдамасы орныға түскенін, азаматтардың ел өміріне қажетті шешімдерді қабылдау үдерісіне белсене қатысып жүргенін атады. 

«Әсіресе, реформаларды жүзе­ге асыру ісінде билік пен қоғам­ның мүддесі бір екені анық бай­қал­ды. Елдегі өзгерістер, ең ал­­­ды­мен, халықтың игілігі, ұрпақ­тың бола­шағы үшін жасалып жатыр.

Мен бүгінгі мерейлі сәтте осы та­рихи қадамды жасауға үлес қос­қан барша азаматқа алғыс айта­мын.

Біздің қазіргі Конституция-мыз – өркениетті болашаққа жол ашатын, халқымыздың игілігіне қыз­мет ететін Ата Заң. Біз бір ел бо­лып қолға алған реформалар Конс­титуциямыздың жасампаз ру­хын күшейте түсті. Бұл кезең елі­міздің тарихында түбегейлі жаң­ғыру кезеңі болып қалары анық», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Ел қазынасы – Адам

Сондай-ақ ол Консти­туция­мыз­да  Адам мен адам өмірі, құ­қық­тары мен  бостандықтарының  елі­міздің ең  қымбат қазынасы ре­тінде көрсетілгенін, бұл әр­дайым мүлтіксіз орындалуға тиіс қағида екенін атап өтті. Сәй­ке­сінше, осыған орай нақты ре­фор­ма жасалып, заң үстемдігін қам­тамасыз ететін аса маңызды инс­­титут – Конституциялық Сот құ­рылды. Соның нәтижесінде,  аза­маттар қандай да бір заң өз құ­қығы мен бостандығына нұқсан кел­­тіреді деп санаса, Консти­ту­ция­лық Сотқа жүгінетін мүм­кін­дік алды. Сөйтіп, екі жарым жыл ішін­де бұл органның қарауына 11 мың­нан астам өтініш келіп түс­кен. Бұл  бұ­қараның жаңадан ен­гі­зілген конс­титуциялық бақылау инсти­тутына сенімі артып келе жат­қанын көрсетеді. Ал Конс­ти­туцияға қай­шы көптеген нор­ма­лар құқықтық жүйеден алынып тасталды.

Мемлекет басшысы бұдан бы­лай Конституциялық Соттың ше­шімі мен құқықтық ұстанымы әділ­дік рухына сай келетін жаңа заң­намалық қолданыстың негі­зі­не айналатынына  тоқтала келе, Әкім­шілік рәсімдік-процестік ко­дексті енгізу нәтижесінде аза­мат­тардың мемлекетпен жария-құ­қықтық қатынастарын реттеу тә­сілдері түбегейлі жаңарғанын атап өтті.

«Кодекстегі жаңа новеллалар ар­қылы соттардың тек мемлекет мүд­десін қорғауға бағдарланған әдеп­кі ұстанымы жақсы жағына өз­герді. Сот үкімінде субъектив­ті­лік азайып, анағұрлым әділетті шешімдер шығарыла бастады.

Қазіргі статистика азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік ор­гандарға қарсы істерде 60 пайыз­ға дейін жеңіске жететінін көр­сетіп отыр.

Жүргізілген реформалар сот жүйе­сіне сенімді айтарлықтай арт­­­­тырды. Судьяларды іріктеу жә­не тағайындау үдерісін әділ әрі ашық етіп, олардың тәуелсіздігін кү­шейтті.

Сот әкімшілігі жетілдіріліп, сот ісін жүргізуді цифрландыру бас­талды.

Бұрын азаматтар іске қатысты шағымдану мүмкіндігі жоқтығына жиі арызданатын.

Сондықтан кассациялық сот­тар­ды құру және биылғы 1 шіл­де­ден бастап «жаппай» кассация қа­ғидатын енгізу Қазақстанның сот жүйесін жаңғыртудағы маңыз­ды қадамдардың бірі болды», – деді Президент.

Сонымен қатар Консти­ту­ция­лық реформа нәтижесінде про­ку­ра­тура органдарының қадаға­лау­шы­лық құзыреті күшейтілді.

Адам құқықтары жөніндегі уә­кіл конституциялық мәртебеге ие болды. Еліміздің барлық ай­ма­ғында өкілдіктері ашылды. Енді Уә­кілдің тәуелсіздігі мен им­му­ни­те­тіне Ата Заң кепілдік береді. Бұ­дан бөлек, Омбудсмен Бас про­курор сияқты Конституциялық сотқа жүгіну құқығына ие болды.

«Заң үстемдігін қамтамасыз ету – біздің стратегиямыздың ең маңыз­ды қағидасы. Бұл – өрке­ниет­ті және озық қоғамның басты өл­шемі. Қоғамымызда заң мен тәр­тіп сақталмаса, ешқандай жетіс­тік пен ілгерілеу болмайды, бұл – анық нәрсе.

Заңды сыйлайтын ел қашанда бе­рекелі болады. Сондықтан мен әр сөзімде заң мен тәртіптің маңы­зын ерекше атап өтіп жүрмін. Бас­қаша айтқанда, бұл – бізге дәс­түрлі болмысымызды өзгерту қа­жет деген сөз. Заңды құрметтеу, тәр­тіпке бағыну ұлтымыздың қа­нына сіңіп, қасиетіне айналуы қажет. 

Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген сөзі қазір аса өзекті. Сондықтан заңды қа­сақана бұзатын азаматтарға, қо­ғамдық тәртіпке және тұрақ­ты­л­ыққа кері әсер ететін әрекеттерге мін­детті түрде құқықтық баға бе­рі­леді», – деген Мемлекет бас­шы­сы мектеп қабырғасында, жоғары оқу орындарында құқықтық тәр­бие жұмысын күшейту қажет еке­ніне назар аударды.

«Балаларға заңдарды қара­пайым тілмен түсіндірген абзал.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі арқылы тиісті жұ­мыс жүргізілуі керек. Жас­тар­дың құқықтық санасына отба­сын­дағы тәрбие де зор ықпал етеді. Мұ­ны ешқашан ұмытпауымыз керек.

Ата-ана, мектеп және мемле­кет күш жұмылдырып, бала тәр­бие­­сіне баса мән бергені жөн. Сон­­да ғана заңға бағынатын, өзі­нің де, өзгенің де құқығына құр­мет­пен қарайтын ұрпақ тәр­бие­лей­міз. Заң мен тәртіп – Әді­летті Қа­зақстанды құрудың басты ал­ғышарты», – деді Президент.

Жалпы, соңғы жылдары мем­лекеттік саясатта терең өзгеріс жа­­­­­салды. Конституциялық ре­фор­­ма осы ауқымды жұмыстың берік құқықтық арқауы болды. Сол арқылы саясатта, эконо­ми­када, әлеуметтік салада, сот жүйе­сін­де «Әділетті мемлекет» қағи­да­тын жүзеге асыруға жол ашылды. Ал Конституцияда жер және бар­лық табиғи ресурстар халыққа тие­сілі екені айқын көрсетілген. Осы қағидатты іс жүзінде орындау үшін маңызды шаралар қабыл­дан­ды. Мемлекет басшысы осы­нау шаралардың қатарында «Ұлт­тық қор – балаларға» бағ­дар­­­­ламасы болғанына назар ау­дарды. Бұл бастама  ел мен жер бай­лы­ғының келер ұрпаққа  енші ре­тін­де үлестірілгенінің  көрінісі бол­са керек. Әрі  болашаққа де­ген се­нім­ді ұялататын шара.

«Менің тапсырмаммен «Ұлт­тық қор – балаларға» бағдарла­ма­сы әзірленді. Қордың жыл сайын­ғы инвестициялық табысының жар­тысы балалардың арнайы есеп­шотына жіберілетін болды. Был­тырдан бері Ұлттық қордан 1,5 миллиард доллардан астам қар­жы бөлінді. Бұл – жас ұр­пақ­тың болашаққа нық сеніммен қа­рауына мүмкіндік беретін мем­лекетіміздің өте маңызды шешімі.

Мұның бәрі – жаңарған Конс­титуцияның жемісі. Ата Заң, шын мә­нінде, азаматтардың құқық­тары мен мүдделерін қорғайтын то­лық­қанды әрі тиімді құралға ай­нал­ды», – дей келе Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды заңдар мен арнайы жоспарларды қабыл­дау арқылы қолданыстағы Конс­ти­туцияның орасан зор әлеуеті іске асырылып жатқанын атады. Атап айтқанда, былтыр адам сау­дасына қарсы іс-қимыл туралы заң қабылданды. Жаңа  заң өз ке­­­­зегінде адамды еркінен тыс қан­дай да бір жолмен пайдалануға бол­майтынына кепілдікті күшейт­ті. Сонымен қатар тұрмыстық зор­лық-зомбылық үшін берілетін жаза едәуір қатаңдады. Некелесуге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Адам ұр­лағандар да қатаң жазаланады. Яғни, ел ішінде қыз алып қашу,  өз­­гені құлдықта ұстау  сияқты  жа­ғым­сыз қылықтарды тежеудің  мүм­кіндігі ашылды.  Сөйте тұра, қыл­мыстық сот үдерісін ізгілен­діру және оның тиімділігін арт­тыру үшін нақты қадамдар жаса­лып, тиісті кодекстерге ауқымды тү­зетулер енгізілді. Бұл да әділ­дік­тің салтанат құруына  қызмет ете­тін бастамалар қатарына кіреді.  

Осындай бірқатар  өз­геріс­тер­дің жай-жапсарын айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Конс­ти­туция­ның мерейлі белесіне орай «Ра­қымшылық туралы» заң қа­был­данды. Себебі мемлекет қыл­мыс­пен күрес саясаты мен әлеу­мет­тік әділдік мәселесіне келгенде адамгершілік құндылықтарын басты орынға қояды.

Конституция әрдайым адам құ­қығының темірқазығы болуға тиіс. Бұл – мемлекет саясатындағы бұл­жымас қағида. Консти­ту­ция­мыз алдағы уақытта да хал­қы­мыз­дың жарқын болашағына жол аша­тын ең басты құжат болып қа­ла бермек», – деді.

Заң үстемдігі – әділетті қоғамға апарар жол

Мемлекет басшысы өз сөзінде  Ата Заңның  жұрт көзінен таса қа­ла беретін бірқатар ерекшелігіне тоқ­талды. Президенттің  пікірін­ше, Конституция еліміздің жал­пыұлт­тық бірегейлігін нығайтуды, сон­дай-ақ заңды мүлтіксіз сақтау жә­не адал азамат идеологиясын іл­герілетуді көздейтін жаңа қо­ғам­дық келісімнің айқын ныша­ны­на айналып үлгерген. Әрі заң үс­темдігін орнықтыруда орасан зор рөл атқарып отыр.  Президент сөз сөзінде:

«Заң үстемдігі – әділетті қоғам құру­ға және азаматтарымыздың бе­­рекелі өмірін қамтамасыз етуге апа­­ратын төте жол. Сондықтан та­­ғы да қайталап айтамын: елі­міз­дің барлық азаматтары заңды құр­меттеп, сақтауы керек.

Қазақстанның заңгерлер қауым­­­дастығы азаматтарымызға Конс­титуцияның негізгі ереже­ле­рін түсіндіріп, Заң мен тәртіп қа­ғи­датына сай қоғамдағы әрбір әре­кетіне жауапкершілікпен қа­рау­ға үндеуі қажет.

Қазақстан Конституциясы ұл­­ты­мыздың кемелдігі мен бола­шақ­қа ұмтылысын бүкіл әлемге паш етеді.

Конституцияның әр жолы мен рухын сақтау, соның негізінде жо­ғары құқықтық мәдениет пен ұлт­тың жаңа сапасын қалып­тас­тыру – еліміздің келешектегі та­бы­­­сының кепілі. Мұны барша ха­­­лық түсінуге тиіс», – дей келе, жаһан­­да  геосаяси тұрақсыздық бе­­лең алып, технология көз ілес­пес жылдамдықпен дамып жатқан ке­зеңде заңнаманы ұдайы жаң­ғыр­тудың маңызы зор екеніне тоқ­талды.

«Жаппай цифрландыру және жа­санды интеллект мемлекет пен қо­ғамды өркендетудің мүлдем жаңа ұғымдары мен тәсілдерінің пайда болуына ықпал етті.

Көптеген елде адамның рөлі мен орны, жалпы оның пост­гу­ма­нис­тік әлемде тіршілік етуі жө­нін­де қоғамдық және парламенттік пікірталастар қызу жүріп жатыр.

Биотехнологияның жедел да­муы да біраз сұрақ туындатады. Оның салдары күрделі құқықтық кол­лизияға және қалыптасқан эти­калық нормалардың ескіруіне әке­ліп соғуда.

Заң шығарушылар халық­ара­лық құқық жүйесін қайта құру ар­қылы өз елінің егемендігін сақ­тау міндетімен бетпе-бет келеді.

Сондықтан конститу­цио­на­лизм ешқашан бір орында тұр­май­ды. Ол заң шығару үдерісімен ты­ғыз байланысты. Алайда оған мүл­дем жаңа технологиялық, эко­номикалық және геосаяси жағ­дай­лар әсер етеді.

Бұл мәселені Қазақстанның кә­сіби заңгерлер қауымдастығы жан-жақты зерттеп, ұдайы на­зар­да ұстауға тиіс деп санаймын», – деді Қ.Тоқаев.

Конституция – Ұлт заңы

Президент  өз баяндамасында  Конституцияға бұрын көп айтыла бермейтін баға берді. «Ұлт заңы» деді. Әрі оның жасампаздық күші­нің зор екенін атап өтті. 

«Ұлт заңы – Конститу­ция­мыз­дың жасампаздық күші зор.

Өйткені Ата Заңның әр ба­бын­да барша азаматтарымызға ор­тақ құндылықтар мен біртұтас хал­қымыздың мақсат-мүддесі бар. 

Конституциялық, саяси, эко­номикалық реформалардың, хал­қымыздың орасан зор күш-қуаты мен әлеуетінің, сондай-ақ білім, ғылым және мәдениет саласына са­лынған ауқымды инвестиция­лардың арқасында елімізде шын мә­нінде жақсы өзгерістер жа­са­лып жатыр. Жақсыны жақсы деп айту керек. Бұл да әділеттілік кө­рінісі», – деді Мемлекет басшысы. Со­дан соң еліміздегі түрлі жетіс­тік­тердің  астарында сапалы құ­қық­тық негіз жатқанын тұспал­дады. 

«Оқушыларымыз бен сту­дент­теріміз беделді халықаралық олим­­­­пиадаларда топ жарып жүр. Спорт­шыларымыз әлемдік сайыс­­­тарда жеңімпаз болып, елі­міз­дің ме­рейін асыруда. 

Алдына нақты мақсат қойған аза­маттарымыздың бәрі білім, ғы­лым, өнер, бизнес және басқа да көптеген салада табысқа жету­де.

Қазақстан халықаралық қауым­­дастыққа ашық мемлекет, біз­де ғаламтор еркіндігі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Елі­мізде бірде-бір желінің негізгі ар­насы жабылған жоқ, барлық аза­маттарға әлемдік жаңа­лық­тар­дың көздеріне жол ашық.

Біздің азаматтарымыз шетелге ер­кін барып тұрады. Ал жаста­ры­мыз өздері таңдаған универси­тет­тер­де білім алуда, оларға ешқан­дай тосқауыл, кедергі жоқ. Осын­­­дай мем­лекеттік саясат өз жалғасын табады.

Көптеген елдің жастары бізді бо­лашағы жарқын мемлекет ре­тін­де таниды, Қазақстанға келгісі ке­­леді, келіп те жатыр.  

Еліміздің мақсаты – айқын, ке­лешегі – зор. Біз цифрландыру мен жасанды интеллектіні ел игі­лігіне қолданатын озық мемлекет бо­ламыз деп белсенді түрде жұмыс іс­теп жатырмыз», – деді Пре­зи­дент. Ол сондай-ақ Қазақстанның бар­лық аймағында мыңдаған ша­қырым жол салынып, жөнделіп, әуе­жайлар мен көпірлер бой кө­теріп, су нысандарының құры­лы­сы басталып жатқанын атап өтті. Тұр­ғын-үй коммуналдық шаруа­шы­лығы және басқа да маңызды инфрақұрылым жаңғырып жатыр. Үкіметке инфрақұрылымдық құ­ры­­лыстың сапасына баса мән беру қажет деген қатаң нұсқау бе­ріл­ген. Әрі бұл мәселе Үкіметтің жә­не құқық қорғау мекемелерінің бақылауында тұр.

Сондай-ақ елімізде жыл сайын көптеген өндіріс орындары, со­ның ішінде әсіресе, жоғары тех­нология саласындағы кәсіп­орын­дар іске қосылып жатыр. Бұ­ла­р­дың бар­лығы ұлттық эко­но­миканың мық­ты индустриялық негізін қа­лауға мүмкіндік беріп отыр. Ин­вестиция тартып, бизнеске қо­лай­лы жағдай жасап, аймақтарды қол­дау үшін жүйелі жұмыс істе­лу­де. Соның нәтижесінде, биылғы же­ті айдағы экономикалық өсім 6 пайыздан асты.

«Мұның бәрі аяқ астынан пай­да болған жоқ. Бұл – қажырлы ең­бектің және табанды түрде жа­салған түбегейлі реформалардың нәтижесі. Жүйелі және үйлесімді жұ­мыс пен берекелі бірліктің ар­қа­сында еліміз жаңа кезеңге қа­дам басты.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақ­стан біртіндеп дамудың даңғыл жо­лына түсіп келеді. Енді бос сөз­ге берілмей, жан-жақты өркен­деу­ге бастайтын осы бағда­ры­мыз­дан айнымай, тек қана алға ұм­ты­луы­мыз керек. Сонда біз озық ой­лы ұлт болып, теңдессіз табысқа қол жет­кіземіз, биік белестерді бағын­дыра­мыз.

Біз бәріміз төл тарихымызға қа­зақтың қайта жаңғыру дәуірінің өкі­лі ретінде енуге тиіспіз. Себебі бә­ріміз бір дәуірде өмір сүреміз, елі­міздің болашағына бірге жауап­ты­м­ыз. Біздің ұрпақ міндетті түр­де үлкен жетістікке куә болып, та­быс­қа жетуі керек. Балаларымыз бен немерелерімізге дамыған, өр­кениетті, құқықтық ел қалдыруы­мыз қажет. Бұл – біздің тарихи боры­шымыз. Осы мақсатқа жету үшін біз қазір Әділетті, Таза, Қауіп­сіз әрі Қуатты Қазақстанды құ­рып жатырмыз. Түптеп келген­де, бұл – ұлттық идеология.

Біздің басты міндетіміз – озық ой­лы, бәсекеге қабілетті ұлт болу, ха­лықтың әл-ауқатын арттыру, ел­дегі тұрақтылықты сақтап, қо­ғам­дық келісімді қамтамасыз ету. Сон­дықтан қазақ елінің қастерлі төлқұжаты – Конституциямыздың әр бабы мүлтіксіз орындалады. Бұл – баршаға ортақ міндет», – де­ді Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде 8 қыркүйекте  ел халқына кезекті Жол­­дауын жариялайтынын  да атап  өтті. Онда еліміздің эконо­ми­­­­­калық және әлеуметтік саяса­тын­дағы маңызды мақсат-міндет­тер­ді айқындап бермек. 

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциямыздың 30 жыл­дығы – еліміз үшін тарихи ме­­же екенін айтып, Конститу­ция­мыздың алғашқы жобаларын әзір­­леуге қатысқан азаматтарға, соң­ғы конституциялық рефор­ма­ны жүзеге асыруға белсене атса­лыс­қан бұрынғы депутаттар мен бел­гілі ғалымдарға ризашылығын біл­дірді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Ардақ СҰЛТАН