Алматы қаласында MOST IT HUB алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының (РПП «Атамекен») өңірлік кеңесінің және Креативті индустриялар мен IT салалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Цифрлық экономика мүмкіндіктері мол
4,965
оқылды

Бұл алаң IT-секторды нығай­ту және цифрлық экономиканы да­мыту бойынша бірлескен қа­дам­дарды айқындайтын маңыз­ды диалог алаңына айналды. Ша­раға бизнес өкілдері, тех­но­логиялық компаниялар, ин­вес­тор­лар және индустриялық се­рік­тестер қатысты.

Жиында Қазақстандағы IT са­ласының негізгі мә­селелері – өнеркәсіптегі цифр­лан­дыру мен B2B-шешімдерден бас­тап вен­чур­лік қар­жы­лан­дыру­дың перс­пек­тивалары мен қа­ржы сек­торы­ның ынтымақ­тас­тығына дейін­гі тақырып тал­қы­ланды. Жеке сессияда Aitu мес­сенд­же­рі­не назар аударылды. Атап айт­қан­да, BTS Digital ком­пания­сы­ның өкілдері сервис ту­ралы та­­­­ныстырылым өткізіп, оны Қа­зақстанның цифрлық эко­жүйе­сіне ықпалдастыру мүм­кін­діктерін таныстырды.

BTS Digital бас директорының мін­детін атқарушы Жарқынбек Аза­матовтың сөзінше, бүгінде су­перапп аясында компаниялар үшін чат-боттар мен колл-ор­та­лықтармен ықпалдастырудан бас­тап, мини-қосымшаларды іс­ке қосуға дейінгі шешімдер қол­жетімді.

– Қазақстанның болашағы – технологиялық прогресте, ал Aitu-дың дамуын біз осы ба­ғыт­та­ғы маңызды қадамдардың бірі деп санаймыз. Біздің жұмы­сы­мыз­дың өзегінде пайдаланушы тұр. Aitu күнделікті өмірде ың­ғай­лы әрі пайдалы болуы маңыз­ды. Біз платформаны азаматтар, биз­нес және мемлекеттік құры­лым­дар үшін құрал ретінде да­мы­тып жатырмыз. Бүгінде су­пе­рапп аясында компаниялар үшін чат-боттар мен колл-ор­та­лық­тар­мен ықпалдастырудан бастап, ми­­ни-қосымшаларды іске қосуға дейін­гі шешімдер қолжетімді. Бұл – өсу мен серіктестіктер үшін жаңа мүмкіндіктер, – дейді Жарқынбек Азаматов. 

Елімізде барлық салалар се­кіл­ді қаржы секторын циф­р­лан­дыру­­дың маңызы зор. Бүгінде  қар­жы секторын цифр­лан­дыру бағытында оңтайлы жүзеге асы­рылған жобалар қатарында банк­тер клиенттерге 24/7/365 фор­ма­тын­да онлайн-режимде қыз­мет көр­сетуге көшуі, банктік шот­тар, тө­лем карточкалары, де­позиттер ашу, несиелер  алу үшін банктің филиалы – офисіне келу қажет­ті­лігінің болмауы, қыз­меттер он­лайн форматта ұсы­­­­нылуы – са­ланы цифр­лан­дыру­дың жемісі еке­ні сөзсіз.

Осы орайда «Қазақстан Ха­лық Банкі» АҚ басқарма тө­ра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Дәу­рен Сартаев қаржы секторындағы цифр­ландыру тәжірибесімен бө­лісіп, Aitu мессенджері жайлы да пікір білдірді. Ол отандық Aitu мес­сенджерін дамытудағы іл­ге­рілеулермен танысудың пайдасы зор екенін айтты.

– Бүгін отандық Aitu мес­сенджерін дамытудағы ілгері­леу­лер­мен танысудың пайдасы зор бол­ды. Қазірдің өзінде іске асы­рыл­ған функциялар жиынтығы сер­висті одан әрі дамытуға берік бә­секелік негіз бола алады. Әсі­ресе, шетелдік баламалармен бә­­­­секелестік жағдайында. Бұл – ел­дің цифрлық егемендігін ны­ғайтуға бағытталған маңызды қа­д­ам, – деді ол.

Жиынды қорытындылаған Алма­ты қаласы Кәсіпкерлер па­ла­тасы өңірлік кеңесінің төра­ға­сы Нұрсұлтан Шоқанов, өз сө­зінде, отандық өнімдер мен сер­­­­вистерге қолдау көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысы елі­міз­де цифрлық экожүйенің толық­қан­ды дамуына жағдайды жүйелі түр­де қалыптастырып келеді әрі оның еліміздің бәсекеге қабі­лет­тілігіне тікелей әсер ететінін үне­мі атап өтеді. Бизнес пен аза­мат­тар ретінде біздің рөліміз – «цифрлық тұтынушылық пат­рио­тизмді» қалыптастыру. Яғни, отан­дық өнімдер мен сервистерге қол­дау көрсетіп, олардың да­муы­на және әлемдік нарықтардағы бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға мүм­кіндік беру, – деді төраға.

Сондай-ақ жиында BYB Production инвестициялық қорының басқарушы серіктесі А.Белис­бе­ков, Omir Group Ltd Директорлар кеңесінің мүшесі Д.Кунаев сөз сөй­леп, отандық IT-нарығын да­мыту, қазақстандық өнімдерді, со­ның ішінде Aitu мессенджерін әзірлеу және ілгерілетудің маңыз­­­­дылығын атап өтті.