Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордада коронавирус жұқтырған 18 науқастың жағдайы қандай екенін айтты.
Оның айтуынша, олардың дене қызуы көтерілмеген.
"Олардың барлығы стационарда жатыр. Дене температурасы қалыпты нормада, шағымы жоқ. Барлық науқас дәрігерлердің қатаң бақылауында. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді басшы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сәуле Кисикова коронавирус жұқтырған науқастың ең үлкені 59 жаста, ең кішісі 14 жаста екенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирустың қаупіне байланысты 19 наурызда сағат 00.00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылатынын хабарлаған болатынбыз. Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 36 адам коронавирус жұқтырған.