Маска сатып алмақ болған тұрғын алаяқтарға алданып қалды
Маска сатып алмақ болған тұрғын алаяқтарға алданып қалды
© polisia.kz
5,200
оқылды
Елімізде төтенше жағдайды алаяқтар өз пайдасына жаратып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. “102” жедел арнасына Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғыны медициналық бетперделерді сату туралы жарнаманы танымал сайтта көргенін хабарлады. Оларды сатып аламын деп, ақшаны онлайн-төлем арқылы аударған. Одан кейін әлеуметтік желі сатушысы байланысқа шықпаған. Ал уәде етілген медициналық маскалар жәбірленушіге дейін жетпеген. Жәбірленуші сатушының әдептілігіне үміттенген. Дегенмен хабарсыз қалған алаяқтан күдер үзген тұтынушы бірнеше күннен кейін полицияға жүгінді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. ШҚО полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, интернетте күмәнді келіссөзді жүргізбеуді ескертеді. Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаскүнемдердің арам ойларын жүзеге асыруы мүмкін, сақ болуларыңызды сұрайды. Полиция департаменті облыс тұрғындарына еркертеді: қандай жағдайда болмасын бейтаныс адамдарға дербес деректерді және шот нөмірлерін хабарлауға болмайды; әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасасудың қажеті жоқ; ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлемеңіз; жеке басыңыздың ақпаратын ашық түрде әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз; банкоматтардың қосымша қызметтерін қоспаңыз.