Төтенше жағдай тәртібін бұзған түнгі клуб қожайынына айыппұл салынды
Төтенше жағдай тәртібін бұзған түнгі клуб қожайынына айыппұл салынды
© сурет интернеттен алынды
185
оқылды
Қарағандыдағы түнгі клуб қожайындарының бірі әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Себебі оның иелігіндегі көңіл көтеру орны төтенше жағдай тәртібін бұзған. Дәлірек айтсақ, ресейлік рок орындаушылар тобының концертін ұйымдастырып, оған 60-қа жуық адам жиналған. Тәртіп сақшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң тұрғындар үйлеріне тарады. – Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы 3-тармағына сәйкес, яғни төтенше жағдай ережесін бұзғанына байланысты түнгі көңіл көтеретін клубтың 39 жастағы иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, мамандандырылған соттың шешімімен 26510 теңге айыппұл салынды, - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.