Мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары мен қонақтарына ағымдағы жылдың 22 наурызы 00.00 сағатқа дейін кіруіне немесе шығуына рұқсат берілді.
Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан мен Алматы тораптарында құрылған пойыздардың, сондай-ақ келу пункті Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары болып табылатын пойыздар 2020 жылдың 22 наурызының 00.00 сағатынан бастап тоқтатылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Яғни, бүгіннен бастап 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан кейін кесте бойынша еліміздің өзге өңірлерінен келуі жоспарланған пойыздар бағыты тоқтатылатын болады. Аталған пойыздарға билеттер сатылмайды.
Сондай-ақ 2020 жылдың 22 наурызы 00.00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары станцияларында жолаушыларды отырғызу мен түсіруге тыйым салынады.
Осыған байланысты, аталған қалалар арқылы транзиттік пойыздардың тоқтамай өтуі барынша қамтамасыз етіледі.
Карантин режимі біткенге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтайды.