Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Ең төменгі жалақы туралы конвенцияны қарайды
3,284
оқылды

Алдағы жалпы отырыста депу­таттарға «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жала­қыны белгілеу туралы конвен­цияны (131-конвенция) рати­фикациялау туралы» заң жобасын қарау ұсы­нылады. Конвенцияны рати­фикациялау ең төмен жала­қыны белгілеу бөлігінде халық­аралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді және Қазақ­станның осы саладағы халықаралық нормаларды сақтау мен орындауға бейілдігін рас­тайды. 

Сонымен қатар Мәжілістің талқылауына Қазақстан мен Қатар Мемлекетінің үкіметтері арасын­дағы Қазақстаннан келген жұмыс­керлерді Қатарға жұмысқа ор­наластыруды реттеу туралы келісім ұсынылады. Құжатта тараптардың өзара іс-қимыл тәртібі, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек шарттарын жасасу талап­тары, сондай-ақ жұмыскерлерді репа­триациялау мәселелері ай­қын­далады.

Мәжіліс комитеттері бірқатар заң жобасын жұмысқа алады. Атап айтқанда, «Қазақстан Респуб­ликасындағы банктер және банк қызметі туралы», Перумен ұстап беру және сотталған адамдарды беру, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялау, Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвен­циясы, сондай-ақ 1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен ха­лықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі кон­венцияға Су және денсаулық проб­лемалары туралы хаттама бар.