Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.
Институционалды демократия іс жүзінде іске асып жатыр – Ерлан Саиров
3,031
оқылды

Жолдауда айтылған мәселелерге қатысты Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Ерлан Саиров Қазақстанда саяси реформалар жалғасатынын айтты. 

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда саяси реформалардың жалғасатындығын мәлімдеді. Қазақстанда бір палаталы Парламент жоспарлануда. Сенат институтының таратылуы жөнінде референдум өтетін болады. Қазақстан унитарлы мемлекет болғандықтан, Жоғарғы Палатаның қажеттігі жоқ. Ол жөнінде көптен бері айтылып келеді. 2019 жылы Ұлттық Кеңестің ең алғашқы отырыстарының бірінде бір топ саясаттанушылар Сенатты тарату жөнінде ұсыныс берген болатын. Бұл – қадам сол кезден қарастырылып келе жатқан мәселе. Бүгінгі өте күрделі геосаяси жағдайды ескере отырып, Заң шығару мен Заңдардың орындалуын қадағалау процестері бір институтта шоғырланғаны маңызды. Мен Қазақстандағы бір палаталы Парламент идеясын қолдаймын. Бір палаталы Парламент партиялық тізіммен жасақталуы жөнінде де ұсыныс айтылды. Бұл қадам еліміздегі саяси бәсекелестікті арттырып, партиялардың қоғам ішіндегі рөлін мығымдайтын қадам. Президент Тоқаев аталған саяси қадамдардың референдум арқылы шешілетіндігін мәлімдеді. Бұл да Қазақстанда саяси шешімдердің халықпен ақылдаса отырып шешілетіндігін көрсетеді. Демократия дегеніміз  норма және процедура. Саяси шешімдер норма мен процедураларға сәйкес жасалуда. Институционалды демократия іс жүзіне асып жатыр», – дейді депутат Ерлан Саиров.