13-14 қыркүйек күндері Астанада TEDxAstana 2025 конференциясы өтеді. Биыл іс-шарада «Мұра» тақырыбын негізге алады.
TEDxAstana конференциясы өтеді
2,882
оқылды

Былтыр TEDxAstana командасы TED қорының Legacy лицензиясын иеленді. Legacy – әлем бойынша 3 600-ден астам команда арасынан небәрі 20 командаға берілетін марапат. Сол үшін ұйымдастырушылар мұра тақырыбын, артынан із қалдыру тақырыбын талқылайды. 

Конференцияда мына сұрақтар талқыланбақ: Қазір мұра деген не? Мұра қалай қалыптасады және не мұраға айналады, ал не ұмыт болатынын кім шешеді? Мұраны мақсатты түрде қалыптастыру керек пе, әлде өз ісіңді махаббатпен жасау жеткілікті ме? Бізден кейін не қалады: әрекет пе, идея ма, мән-мағына ма?

TEDxAstana елімізде 2025 жылдан бастап ұйымдас­тырылады.  Әлемдік TED қорының лицензиясымен өтетін тәуелсіз, коммерциялық емес  конференция. Жобаның миссиясы – қазақстандық бірегей идеяларды табу және тарату, сараптап, жаһандық цифрлық білім кеңістігіне енгізу.

Айбике ЖАНАСЫЛ