«AMANAT» партиясының «Құрмет» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Бастауыш ұйым құрамындағы ұстаздар қауымы Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға дайын.
Цифрлық технологияны үйренуге ынталы
2,992
оқылды

Ақтөбе облысы бойынша Өрлеу филиалының аға оқытушысы, «Құрмет» бастауыш партия ұйымының мүшесі Гүлнара Абулхайрова педагогтерге Жолдауда айтылған айтылған білім беру жүйесін жетілдіру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қатысты негізгі бағыттармен таныстырып, олардың маңызына тоқталды. 

«Мемлекет басшысы мектеп оқу­­шыларына арналған жасанды интел­лект негіздері туралы бағдарлама мен оқу материалын әзірлеуді тапсырды. Бұл – уақыт талабы. Соған сай мұғалімдер де жаңа технологияларды меңгеруге да­йын деп есептеймін.  Алдағы уақытта пе­дагогтардың цифрлық сауатын арт­тыру, жасанды интеллект технологиясын меңгеру жұмысы қолға алынады», – деді ол. 

Жиында сонымен қатар білім беру саласындағы жаңашылдықтарды енгізу, мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау және оқушылардың заманауи дағдысын қалыптастыруға қатысты жаңа мүмкіндік­тер де тілге тиек етілді. Қатысушылар Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда білім беру қауымдастығының рөлі зор екенін атап өтті.

Елнар ЕЛТАЙ