Қазгидромет 23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында солтүстік-батыстан соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда найзағай ойнайды.
Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 23 қыркүйекте күндіз кей уақыттарда найзағай ойнап, бұршақ түседі.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде 23 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 23 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 23 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 23 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 23 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 23 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аздап нөсер жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда таңертең және күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін жетеді. Қонаевта 23 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.