Әнші бұл туралы әлеуметтік желіде жарияламады.
Әнші Мейрамбек Бесбаевтың отбасында той болды
Фото: ашық дереккөз
7,315
оқылды

Әнші Мейрамбек Бесбаев кенже қызының бір жасқа толған туған күнін атап өтті, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жақындарын, әріптес, достарын шақырып, той жасап, сәбидің тұсауын кескен.

Алайда әншінің өзі бұл туралы әлеуметтік желіде жарияламады. Қуанышты сәт туралы әріптестері желідегі парақшасында бөлісіп, құттықтаған.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев кенже қызына Айзия деген есім қойған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.