Жарияланған кадрлардан бір қыздың өз құрбысына қол жұмсап, аямай ұрып жатқанын, ал қалғандарының болған жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын көруге болады.
«Қалғандары видеоға түсірген»: Атырауда жап-жас қыздар төбелесіп, әлсізін қан-жоса қылып ұрды
1,290
оқылды

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, Атырау қаласында Жилгородок шағынауданындағы саябақта кәмелетке толмағандардың қатысуымен төбелес болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарияланған кадрлардан бір қыздың өз құрбысына қол жұмсап, аямай ұрып жатқанын, ал қалғандарының болған жағдайды видеоға түсіріп тұрғанын көруге болады.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, жанжал колледж студенттерінің арасында болған. Соққыға жығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Күдікті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Барлық қатысушы профилактикалық есепке қойылады, материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданады. Балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ полицияға хабар бермей, жанжалдың видеосын түсіріп, таратқан жасөспірімнің іс-әрекетіне де құқықтық баға берілетін болады.