Студияның хабарлауынша, әлем кинематографиясында есімі аңызға айналған актердің бұл сапары бірлескен жобаны дайындауға қатысты болып отыр.
Джеки Чанның қатысуымен Қазақстанда ерекше фильм түсіріледі
656
оқылды

Алматыда қытай актері Джеки Чанның Salem Entertainment бейнеөндіріс студиясының командасымен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Студияның хабарлауынша, әлем кинематографиясында есімі аңызға айналған актердің бұл сапары бірлескен жобаны дайындауға қатысты болып отыр.

«Біз үлкен бірлескен жобаны жүзеге асыруға кірістік. Алматыда болған уақытында актер біздің командамен бірге болашақ фильмнің локацияларын таңдады, оның көп бөлігі Қазақстанда түсіріледі», – делінген студияның Instagram-дағы хабарламасында.