Басқосуға қатысқан спикерлер жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, Мемлекеттік басқарудың неғұрлым жетілдірілген моделіне көшу, цифрлық трансформацияны қалай тиімді ету керектігі, автоматтандыру қандай әлеуметтік тәуекелге әкелетіні және оған қалай бейімделу керегін қозғады.
Astana open Dialogue аналитикалық платформасының негізін қалаушы Александр Данилов электрондық үкіметтің eGov-тан AI-gov-қа көшу мәселесін сөз етті.
– Цифрландыру және Жасанды интеллектіге көші маңызды қадам екені белгілі. Бірақ осы істі жүйелеу үшін мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғам осыған жұмылдырылуы керек. Сол үшінде әрдір азамат елді цифрландыру ісіне атсалысқаны жөн. Бізге маңыздысы – бұл өзгерістер қарапайым адамның өміріне қалай әсер ететінін түсіну. Осы жаңа бағытта жұмыс істей жүріп, еліміз үшін жемісті боларына сенімдімін, – дейді ол.
Жиын аясында мемлекеттік сектордағы цифрлық серпіліс пен жасанды интеллекттің еңбек нарығына ықпалына арналған екі панельдік сессия өтті. Одан бұрын Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, соңғы жылдары жасанды интеллектіні дамыту елімізде ғана емес, бүкіл әлем елдері үшін басты басымдыққа айналды. Сондықтан Қазақстан үшін бұл сала жаңа мүмкіндіктер мен жауапты мндеттерді алға тартады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында айтқандай, алдағы үш жылда Қазақстанды цифрлы мемлекетке айналдыруды мақсат етті. Осыған байланысты 2024 жылдың шілде айында Үкімет бес жылдық концепция қабылдады. 2029 жылға дейін Жасанды интеллектіні дамыту бойынша негізгі 6 бағытта жұмыс істемек. Соның бірі - жасанды интеллект жайлы заң қабылдау. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жасанды интеллектіні дамыту бойынша арнайы кеңес құрылып, бүгін соның бірінші отырысы өтті, - дейді Жаслан Мәдиев.
Оның сөзінше, жүргізіліп жатқан жұмыстар халықаралық деңгейде де мойындалды. Қазақстан Future of Government Award және GovTech Prize сыйлықтарына ие болып, БҰҰ-ның ғаламдық онлайн-қызметтер индексінде ТМД елдері арасында көш бастап тұр. Бұл еліміздің eGov-тан AI-gov-қа өтуге дайын екенін көрсетеді.
– Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Алғашқы кезеңде бірыңғай мемлекеттік қызметтер порталы, электрондық-цифрлық қолтаңба жүйесі, интеграцияланған дерекқорлар мен ведомствоаралық өзара іс-қимыл механизмдері іске қосылды. Бұл шешімдер мемлекеттік қызметтердің ауқымды цифрландырылуын, олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етті. Қазір Қазақстан eGov-тың дәстүрлі үлгісінен жаңа сапаға — жасанды интеллектке негізделген AI-gov моделіне өтіп жатыр. Бұл бағыт мемлекеттік функцияларды интеллектуалдандыруды, үлкен деректер мен машиналық оқыту алгоритмдерін қолдануды, мемлекеттік қызметтерді проактивті түрде көрсетуді және азаматтармен жекелендірілген өзара іс-қимылды көздейді. Мәселен, әзірдің өзінде чат-боттар, дауыс ассистенттері, предиктивті аналитика және шешім қабылдауды автоматтандыру жүйелері енгізілуде. Нәтижесінде мемлекет “азамат сұрайды – мемлекет жауап береді” моделінен “мемлекет алдын ала қызмет ұсынады” моделіне көшуде, - деді ол.
Осыған қоса, инновациялық экожүйе құрудың стратегиялық маңызы атап өтілді. Жарқын мысал ретінде Орталық Азиядағы ең ірі IT-кластер – Astana Hub келтірілді. Бүгінде Telegram, EPAM, InDrive сынды ірі халықаралық технологиялық көшбасшылар Қазақстанды стратегиялық алаң ретінде таңдауда.
Венчурлық қор Sinovation Ventures негізін қалаушы Кай-Фу Ли Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы жоспарларын жоғары бағалап, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану үшін мемлекет пен бизнес бірлесе әрекет етуі қажеттігін айтты.
– Біз қазірдің өзінде қуатты ЖИ-агенттердің жай ғана сұрақтарға жауап беретін чат-боттардан әлдеқайда ауқымды мүмкіндіктерге ие екенін көріп отырмыз. Олар бұрын мүмкін емес деп саналған міндеттерді шешуге қабілетті. Қазақстанның осындай жаңашылдықты қолдап, дамытуға дайын екеніне қуаныштымын. Бізде Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Ұлттық стратегия бар. Жалпы, әр мемлекеттің өзінің көздеген мақсаты бар. Мұндағы ең маңыздысы – тек декларациялар емес, батыл стратегиялық қадамдар. Мәселен, Қытайда жаңа саясат қабылданды: екі жыл ішінде негізгі процестердің 70%-ы жасанды интеллект арқылы жүзеге асуы тиіс. Бұл – батыл мақсат. Бізге де осындай амбициялық ойлау қажет, – дейді Кай-Фу Ли.
Оның айтуынша, әр елдің ЖИ-ге деген көзқарасы әртүрлі. АҚШ пен Еуропаның тәжірибесі бізге әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалы, Америкада басымдық бизнеске беріліп, компанияларға кең мүмкіндік жасалады. Бірақ соның өзінде белгілі бір қиындықтар туындайтынын да жасырмады. Сондықтан әр мемлекет өзінің көздеген мақсатында жұмыс істеу керегін айтты.