Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қа­ла­сын­да өткен ТМД мемле­кеттері басшылары кеңесіне қатысып, сөз сөйледі. Мемлекет басшысы басқосуда ТМД рөліне, сауда-эко­номикалық қатынастардың маңыздылығына және өзге де бір­қатар мәселеге назар аударды.
Достықтан басталған даму даңғылы
2,602
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық та­нытып, сам­митті жоғары деңгейде ұйым­дастырған тәжік та­ра­пы мен Пре­зи­дент Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

– Тәжікстанның табысты төрағалығы ұйым­ның әлеуе­тін нығайтуға, көп­жос­пар­лы ынтымақ­тас­ты­ғы­мыз­ды терең­де­туге үлкен үлес қосты. Бұл саммит Қа­­­­­­зақ­стан­да халықаралық беделді ұйым са­на­латын ТМД жұмысына үлкен серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент биыл Ұлы Жеңістің 80 жыл­дығы аталып өтіп жат­қанын еске салды.

– Барлық мемлекеттің дамуына жол аша­тын жал­пыа­дамзаттық құнды­лық­тар­ды ауыр жағдайда қор­ға­ған әкелеріміз бен аналарымыздың, жеңімпаз ұр­пақ­тың өшп­ес ерлігін қазақстандықтар қастер тұ­та­ды. ТМД аумағында, соның ішінде Қа­зақстанда айтулы ме­рейтой лайықты деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-ша­ра­лардың шырқау шегі Мәскеу мен Бей­жіңде өт­кен ауқымды әрі мазмұнды сал­т­анатты шерулер бол­ды. Адамзат та­­ри­­­хындағы ең қанқұйлы соғыстың қаһар­­­мандары мен бар­ша қатысушысын жадымызда мәң­гі сақ­тау – моральдық парызымыз. Фа­шизм­ді жер­мен-жексен еткен Ұлы Жеңіс­ке 80 жыл толса да, өкінішке қарай, әлем салдары ауыр тиетін жаһандық қақ­тығыс қаупімен тағы да бетпе-бет келіп отыр. Қа­зақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи шын­дығын бұрмалауға, фа­шизмді тойтарған Ұлы Жеңістің тари­хи маңызын төмендетуге қатысты әре­кеттерге қарсы. Халықаралық құқықтың ір­ге­сі сөгіле баста­ғанын, қақтығысқан мем­лекеттер арасындағы сенім деңгейі әб­ден төмендегенін, көзқарастар қай­шы­лығы күшейе түскенін, көпжақты дип­ло­матияның дағ­дарыс­қа ұшырағанын, БҰҰ бітімгерлік әлеуеті әлсі­регенін алаң­дау­шы­лықпен қабылдаймыз. Осындай гео­­сая­си дүрбелеңдер жағдайында барлық қақ­тығыс фак­торын жою үшін ТМД ел­дері мен барша жақтас­тары­мыздың күш бі­ріктіруі өте өзекті. Мұны өзара тү­сі­­ніс­тік пен жан-жақты ойластырылған іс-қи­мыл ар­қылы шешуге болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ТМД жаңа тарихи жағдайда мем­ле­кеттер арасындағы сенімді арт­тырудың халықаралық тетігі ре­тінде сұранысқа ие құрылым еке­нін дәлелдеді. Достастықтың 35 жылдығы қарсаңында Мем­ле­кет басшысы елдер арасындағы ст­ратегиялық серіктестікті да­мы­туға және ұйым қызметін іл­ге­­рілетуге бағытталған бірқатар ұсы­нысын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-эко­номикалық байланыстарды жан­дандыру негізгі басым­дық­тар­дың бірі болып қалуға тиіс еке­нін айтты.

– Өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша ТМД елдері сауда айналымының жалпы көлемі 8 пайыз ұлғайып, 110 миллиард дол­ларға жетті. Сонымен қатар соң­ғы бес жылда Қазақстанның Дос­тастық мемлекеттерімен алыс-берісі бір жарым есе өсіп, 38 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш ұйымның сауда-эко­номикалық әлеуетін та­ны­тады және әлі де мүмкіндіктердің бар екенін байқатады. ТМД-ға қа­тысушы мемлекеттердің эко­но­микалық өсімін қамтамасыз ету­дің тың мүмкіндіктерін қарас­тыруды ұсынамыз. Мұны келесі жылы сәуір айында БҰҰ аясында Астанада өтетін халықаралық форум алаңында ұйымдастыруға болады. Жиын қауіпсіздік пен да­­мудың қазіргі сын-қатер­ле­рі­нің себеп-салдарын зерделеуге ар­налады. Осылайша, ТМД-ның же­текші сарапшылары қазіргі уа­­қыттың қиын проблемаларын ше­шуге үлес қоса алар еді. 2026 жы­лы Қазақстан Еуразиялық эко­номикалық одақ органына тө­рағалық етеді. Еліміздің төра­ға­лығы аясында бірқатар маңыз­ды іс-шара жоспарланған, соның ішінде Еуразиялық эконо­ми­ка­лық форум ұйымдастырылмақ. Орай­лы сәтті пайдаланып, құр­метті әріптестерімді, сондай-ақ ТМД елдері үкіметтерінің мү­ше­лері мен бизнес өкілдерін форум жұ­­мысына белсенді қатысуға ша­­­қырамын. Аталған алаңда ел­де­рімізге қатысты ортақ мәсе­ле­лер қарастырылатынын ескере оты­­рып, оған ЕАЭО мен ТМД-ның бірлескен іс-шарасы мәр­те­бе­сін беруді қарастыруды ұсы­на­мын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент белсенді жұмыс іс­тейтін көлік дәліздері табысты сау­да-экономикалық ынты­мақ­тас­тықтың кепілі екенін атап өт­­ті. Біздің аймақ Еуропа мен Азия­ны жалғап, жаһандық кө­лік-логистика жүйесінде ерекше рөл атқарып келеді.

– «Солтүстік – Оңтүстік» дә­лі­зі ТМД мемлекеттері үшін Пар­сы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей жол аша­ды. Ал «Шығыс – Батыс» бас­­­­­тамасы мен Транскаспий бағ­дары Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» мегажобасымен ұштасып, ТМД аумағын Еуразиядағы то­ғыз жолдың торабына айнал­ды­ра­­ды. Өңіріміздің транзиттік мүм­­кіндіктерін жақында ғана Қа­­зақстан аумағында іске қосыл­ған «Достық – Мойынты» темір­жол желісі күшейте түседі. Ол Транс­Қазақстан теміржол дәлізін қалыптастырудың негізін қа­лай­ды. Бірақ мемлекеттеріміздің кө­лік саласындағы әлеуетін то­лық ашу үшін біздің алдымызда за­манауи инфрақұрылым қалып­тастыру міндеті тұр. Достас­тық­тың бірыңғай цифрлық көлік-ло­гистика картасын әзірлеуді ұсы­намын. Бұл ұлттық инф­ра­құ­рылымдық жоспарларды бі­рік­тіруге және көлік бай­ла­ныс­та­ры­ның тұтас кеңістігін жасақтауға мүм­кіндік береді. Өз кезегінде ол ин­вестиция көлемін арттыруға жағ­дай жасайды. Бүгінде Қазақ­стан бастамашы болған ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағы ар­қылы өтетін күрежолдарды өзара ұштастыру тұжырым­да­ма­сы бойынша жұмыстар аяқталып ке­леді. Жүк ағынын тиімді бас­қару, шығындарды төмендету жә­не тәуекелдерді азайту үшін бұл құжатты жасанды интеллект тех­нологияларын енгізуді көз­дей­тін ережелермен толықтыру қа­жет, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифр­­ландыру мен жасанды ин­теллект мемлекеттердің орнықты да­муы мен бәсекеге қабіле­т­ті­лі­гі­нің негізгі факторына айнал­ға­ны­на мән берді. Президент елі­міз ТМД мемлекеттерімен осы са­ладағы ынтымақтастыққа ашық екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы жуырда елі­мізде жасанды интеллект са­ла­сына маманданған универ­си­тет құру жөнінде шешім қабыл­дан­ғанына тоқталды. Бұдан бө­лек, 400 мың студентті қамтып, зерттеушілер командасы мен Deep­Tech стартаптарының қа­лыптасуына қолайлы жағдай жа­сайтын мемлекеттік бағдар­ла­ма табысты жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысы эколо­гия­лық қауіп, табиғи және тех­но­гендік апаттар ТМД елдерінің ор­нықты дамуына зор қатер төн­діреді деп санайды. Пре­зи­дент­тің айтуынша, мұндай жағ­дайларды ерте бастан анық­таудың және ескертудің тиімді тетіктерін қарастыру маңызды міндет.

– Климаттық және техноген­дік төтенше жағдайларды бол­жау­дың өңірлік орталығын құру ар­қылы бірлесе жұмыс істеуді ұсы­намыз. Каспий теңізінің тез тар­­тылып бара жатқаны зор алаң­­даушылық туғызып отыр. Не­­гізі, бұл – өңірлік қана емес, жаһан­дық проблема. Сондықтан біз­дің бастамамызбен әзірленіп жат­қан Каспийдің су ресурс­та­рын сақтау бойынша мемле­ке­таралық бағдарламаға қосылуды ұсынамыз. Мұндай маңызды құ­­жатты дайындауға Каспий теңі­­зінің жағалауындағы елдер­мен бірге барлық мүдделі мем­ле­кет­тер жән­е халықаралық ұйым­дар тар­­тылу­ға тиіс, – деді Пре­­­зидент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мә­де­ни-гуманитарлық қатынастар ел­дерімізді біріктіретін негізгі фак­­тор екеніне назар аударды. Пре­зидент дәстүр мен инно­ва­ция­­ны, тарихи мұра мен зама­науи технологияны сабақ­тас­тыратын креативті индустрияны да­мытудың болашағы зор деп есеп­­тейді.

– Қазақстан осы саланы да­мыту бағытында жұмыс атқарып жа­тыр. Бүгінде креативті сек­то­ры­мыздағы қосылған құн 2 мил­лиард доллардан асады. Бұл ин­дустрияда 143 мың адам жұмыс іс­тейді. Креативті индустрия эко­номикамызға оң ықпал етуде. Ең маңыздысы, ол мәдени дип­ло­матияның, елдеріміз арасын­дағы достық пен тату көршілікті нығайтудың тиімді тетігіне ай­нал­ды. ТМД елдерінің бұл бағыт­та­ғы әлеуеті зор. ТМД-ның гума­ни­тарлық ынтымақтастық жө­­­нін­дегі мемлекетаралық қоры базасында Креативті индустрия қауымдас­тығын құруды ұсынамын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент ТМД-ның әлемдік аре­на­дағы абырой-беделін ны­ғай­тудың маңызына тоқталды. 

– Естеріңізде болса, 2023 жы­лы Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша ТМД-ның Бай­қаушылары мен Серіктесі инс­титуты бекітілді. Бұл баста­ма­ның алғашқы нәтижелері бай­қала бастағанын ризашылықпен атап өткім келеді. Бүгін Шанхай ын­тымақтастық ұйымына Бай­қаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдаймыз. Бұдан бө­лек, Мәскеудегі саммитте Қа­зақ­стан ұсынған «ТМД плюс» фор­ма­тында қарым-қатынас ор­на­туды қолдаймыз. Аталған қадам ТМД-ның халықаралық аренадағы рө­лін нығайта түседі, – деді Мем­лекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев кеңестің келесі жылы ұйым­ға Түрікменстанның төра­ғалық ету жөніндегі шешіміне қолдау білдірді.

– Түрікменстан Президенті Сер­дар Бердімұхамедовті осы маңызды әрі құрметті миссияны қолға алуымен құттықтаймын. Мақ­сатымыз ортақ –  Достастық­ты жасампаздық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндік­тер­дің кеңістігіне айналдыру. Бір­лес­кен күш-жігер арқылы ТМД-ны қарқынды, тиімді әрі бо­­­­ла­шаққа нық қадам басқан халықаралық ұйым ретінде нығайта алаты­ны­мызға сенімдімін, – деді Мем­ле­кет басшысы.