Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды
Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды
© tengrinews.kz
183
оқылды
Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Омбыдағы консулдық жергілікті әуежайдан кете алмай қалған 26 қазақстандықтың елге қайтуына көмектеседі. Олар - Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл тұрғындары. Арасында бір бала бар. Өткен түні олар Вьетнамнан келген, бірақ Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, көлік қозғалысына тыйым салынғандықтан елге кіре алмай қалды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Ведомство мәліметінше, сегіз адам Нұр-Сұлтанға ертеңгі соңғы рейспен ұшуға дайын. Қалғандары көлікпен қайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандық дипломаттар өз азаматтарын елге көлікпен өткізу үшін ресейлік тарапқа қажетті мәліметтерді жіберген. Ал әзірше Қазақстан азаматтарына әуежайда кешкі ас, таңғы ас пен су беріледі.