Атырауда аурухана пациенті карантин шарттарын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды, - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Литвадан келген Қазақстан азаматы Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде карантинде болған. 18 наурызда түнде карантин режимі талаптарын бұзып, ол екінші қабаттың терезесінен секіріп, мекемеден қашып кеткен.
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушыға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
"Қазіргі уақытта құқық бұзған С. Атырау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде стационарлық жағдайда дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада.