Жеңімпаз 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға ие болды.
«Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды
Фото Qaisar Yessenov / instagram.com/qazaqstan_barysy
688
оқылды

Астанада өткен дәстүрлі «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінде биылғы чемпион анықталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Әскер Барысы» атағын иеленген Марат Байкамуров ел біріншілігінің алтын белбеуін жеңіп алды.

106 келі салмақта күрескен спортшы алтын «Тайтұяқ» пен 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыға ие болды.

Күміс белбеу мен 3,3 миллион теңге мөлшеріндегі жүлде өткен жылғы чемпион, 151 келі салмақтағы Ерасыл Қажыбаевқа («Қажыбай») бұйырды.

Ал қола белбеу мен 1,08 миллион теңге Маңғыстау облысының балуаны, «Қара бура» лақапты Нұрдәулет Жарылғаповқа табысталды.