Атырау облысында 19 қазан күні құтқару қызметіне Мақат ауданының екі тұрғыны жоғалғаны туралы хабар түсті.
Атырау облысында жоғалған ер адамдар табылды
Фото: автордыкі
1,361
оқылды

1994 және 1958 жылы туған ер адамдардың жоғалғаны туралы хабар түскен.

Олар Мақат ауылынан Қарабау ауылы бағытына шыққан. Алайда межелі жерге жете алмаған. Олармен байланыс үзілген. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары екі ер адамды Мақат ауылынан 65 шақырым жерден тапты. Олар дәрігердің көмегіне жүгінбеді. Олардың автокөлігі айдалада тұрып қалған. Ер адамдар өз бетінше шығуға дәрменсіз болған.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы