Оқыс оқиға марафон кезінде болған.
70 жастағы спортшы марафонда көз жұмды
Фото: Еуразия Бірінші арнасы
1,549
оқылды

Алматы маңындағы Іле Алатауының баурайында өткен таулы марафон кезінде қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды  Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап. 2025 жылғы 19 қазанда жарысқа қатысқан 70 жастағы спортшының жағдайы кенеттен нашарлап, ол оқиға орнында көз жұмған.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марқұмның аты — Владимир Кривенцов. Ол  КСРО спорт шебері, теңіз көпсайысы мен шаңғы жарыстары бойынша чемпион, сондай-ақ полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлері бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері болған.

Жарысты ұйымдастырушылар мен спортшылар Кривенцовтың спортқа адалдығын, өмірін салауатты өмір салтына арнағанын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.