Көкшетауда елде енгізілген төтенше жағдай кезінде той жасауға рұқсат берген мейрамхана иесі жауапкершілікке тартылатын болды.
Оқиға өткен түні қаладағы тойханалардың бірінде болған. Олардың заң бұзғанын полицейлер арнайы рейд барысында анықтаған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мерекелік іс-шарада 100-ден астам адам болған. Енді кәсіпкерлік нысанының қожайыны 26 500 теңге айыппұл төлейді. Жалпы жедел алдын алу шарасы барысында түнгі 22:00-ден кейін де жұмыс істеген бірнеше көңіл көтеру орыны анықталған.
"Аталған нысандардың иелерін бекітілген талап-ережелерді қатаң сақтауын ескертеміз. Олай болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылулары мүмкін. Ал тұрғындарды төтенше жағдай кезіндегі шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз", - деді облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.