Көкшетауда полицияға Тайландтан келгенін және ол жерде Ухань тұрғындарымен кездескенін айтқан мас әйел ұсталды, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қыметі.
«17 наурызда жедел жәрдемге қоңырау соққан әйел жақында Тайландта демалыста болғанын, онда Қытайдың Ухань қаласының тұрғындарымен кездескенін айтқан. Әйелді тексеру кезінде одан коронавирус инфекциясының белгілері табылмады. Ол телефон соққан кезде масаң күйде болған», - делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
31 жастағы әйелдің Қазақстан Республикасы аумағынан ешқайда шықпағаны анықталды.
Айта кетсек, полиция төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзғандар ҚР ҚК 54-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылатынын ескертеді.