«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Бұдан соң екі елдің әнұрандары орындалды.




