Сығанақ көшесіндегі LRT жабық жаяу жүргіншілер өткелінің учаскесінде (МБК «Абу Даби Плаза» ғимаратынан «112 станциясы» ғимаратына дейін) құрылыс ағаштарын бөлшектеу және материалдарды шығару жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігінің ақпаратына сәйкес.
Бөлшектеу жұмыстары 23 қазан күні сағат 12:00-ден 25 қазан күні сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.
Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Сығанақ көшесінің оңтүстік жағы – Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысындағы учаскеде көлік қозғалысы толық шектеледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.