Полиция тұрғындарға ескерту жасады.
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: iStock
1,471
оқылды

Елімізде азаматтарды алдаудың жаңа тәсілі тіркелді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Алаяқтар адамдарға қоңырау шалып, «сіз декларация тапсыру мерзімін өткізіп алдыңыз» деп қорқытады.

Алаяқтыр есепшоттардың бұғатталатынын айтып, «тұлғаны растау қажет» деген сылтаумен SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Осылайша, алаяқтар азаматтардың банктік шоттарына қол жеткізіп, ақшаларын ұрлап кетеді.

Полиция тұрғындарға мұндай жағдайларда кодты ешкімге жария етпеуді және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруді қатаң ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.