Вьетнамнан Қазақстанға Омбы қаласы арқылы транзитпен ұшқан 26 азамат елге оралады.
Олар Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қаласының тұрғындары. 8 жолаушы өз қаражатына билет алған, бүгін жол жүреді деп жоспарланып отыр. Қалған азаматтар Ресейдегі консулдық көмегімен Қазақстан шекарасына дейін жеткізіледі.
- Бұл мәселе кешелі бері біздің консулдықтың бақылауында. РФ-ның Сыртқы істер министрлігіне бірнеше мәрте хат жаздық. Жолаушылар Омбы әуежайындағы транзиттік аумақтан Қазақстан шекарасына дейін жеткізіледі деген сенім бар. Айта кеткен жөн, мұндай проблема тек Қазақстанда емес, әлемнің әр бұрышында қайталануда. Ешбір азамат елеусіз қалмайды, - деді Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі жанындағы шұғыл штаб қызметкері Жанар Колбачаева.