Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Республика күні қар­саңын­да салтанатты жиын өткізіп, палата депутаттары мен Ап­парат қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тап­сырды.
Мәжілісте марапаттар табысталды
1,510
оқылды

Алқалы жиында Мәжіліс Спикері осы­дан 35 жыл бұрын барша қазақ­стан­­дық­тар үшін тағдыршешті мәнге ие – Еге­мендік туралы декларация қа­был­­дан­ғанын атап өтті. Содан бер­гі аралықта елі­міз ұзақ жол­дан өтті, барлық салада зор же­тістікке жетіп, ха­лықаралық аре­на­да­ғы беделді мем­лекет­тердің біріне ай­нал­ды. 

– Президентіміздің баста­ма­­сымен Рес­­публика күніне жаңа­ша леп бері­ліп, та­рихи маңы­зы айшықтала түсті. Бұл ме­реке Жаңа Қазақстанның бас­ты сим­волы­на айналды. Бү­гін­де елі­міз өз тари­хын­дағы маңыз­ды кезеңді өт­керуде. Біз ау­­қымды өзгерістердің куә­гері бо­лып, оған белсене атса­лы­сып жүр­міз. Барлық сая­си институт жаңарды, қоғам мен мем­лекет ара­­сын­дағы сындарлы диалог ны­ғая түс­ті. Ашықтық пен се­нім­ге негіз­дел­ген осы өзгеріс­тер­дің арқасында оң нә­­­­­­ти­желерге қол жеткізіп отырмыз, – де­ді Ерлан Қошанов.

Спикер ел өміріндегі маңыз­ды мә­се­ле­лерді шешуде халық­тың аза­мат­тық жауап­­кершілігі мен белсен­ді­лігі артқа­нын, «Күшті Президент – Ықпалды Пар­­­ламент – Есеп бере­тін Үкі­мет» фор­му­ласы орныққанын атап өтті. Көп­партиялы Парла­мент­тің рөлі мен беделі кү­шейіп, сындарлы пі­кірталас алаңы­на айналғанын, Мем­лекет басшысының саяси бағ­да­­рын заңнамалық тұрғыда қол­дауға жан-жақты атсалысып жүр­генін жет­кізді. 

Жуырда Президент Жол­дауын­да кө­­те­рілген парламент­тік реформаға тоқ­­тал­ған Ерлан Қошанов бұл өзге­ріс­тердің ел бола­шағындағы рөлі зор еке­нін, ал­дағы тарихи өзгерістерге де­пу­таттық корпус белсене атса­лысуы ке­ректігін баса айтты. Сон­дай-ақ ке­лер жылы ел Пар­ла­ментіне 30 жыл то­латынын, осы тарихи күн мем­ле­кет­тік деңгейде атап өтілетінін жет­кіз­­ді. Мәжіліс Төрағасы айтқан­дай, бұл – өт­кенімізді саралап, бүгінімізді бағам­дай­тын және болашақ маңызды белестерді ай­қын­­дайтын кезең. 

Мәжіліс Спикері Республика кү­ніне орай Ақордада өткен сал­танатты жиын­да Мем­лекет бас­шысының қо­лы­нан «Пара­сат» орденін алған Мә­жі­лістің Қаржы жә­не бюджет коми­те­тінің тө­р­айы­мы Та­­­­­тьяна Са­­ве­льеваны мара­патымен құт­тықтады.

Жиын соңында палата Төра­­ғасы бір­­қатар депутаттар мен Мәжіліс Ап­пара­ты­ның қыз­меткерлерін мем­ле­кеттік наг­­ра­далармен марапаттады. 

Депутаттар Гүлдара Нұрым, Аман­жол Әл­тай, Мұрат Ергеш­баев «Парасат» ор­де­німен ма­ра­патталды. Қазыбек Әлішев, Вера Ким, Ерлан Стамбеков, Мә­жіліс Ап­параты бөлім мең­герушісінің орын­ба­сары Марат Әділ­бай «Құрмет» орденін ие­ленді. Мә­жіліс депутаттары Те­мір Қырық­баев, Айтуар Қош­мамбетов, Наурыз Сайлаубай, Ислам Сұңқар, экс-депутат Ер­жан Бейсенбаев, Мәжіліс Ап­­параты бөлім меңгеру­шілері­нің орын­басарлары Қарлыға Жұматаева, Жанат Қуаныш­баева және Салтанат Станбаева «Ерен еңбегі үшін» меда­лін ие­ленді. 

Депутаттар Снежанна Има­шева мен Ерлан Барлыбаев – ТМД Пар­ла­мен­тара­лық Ассам­блеясының ме­да­лі­мен, Сергей Пономарев – «Древо друж­бы» ме­далімен ма­рапатталды. Мә­жі­ліс депутаттары Ер­кін Әбіл, Се­рік Егіз­баев, Үнзила Шапақ, Мә­жіліс Аппараты бөлімінің меңгерушісі Батырболат Қабош ТМД Парламен­тара­­лық Ас­сам­блеясының құрмет гра­мо­та­ла­рын иеленді. ТМД Пар­ла­мен­таралық Ас­самб­леясының Құр­­мет белгісі депутат Аян Зей­нул­лин­ге, ҰҚШҰ Парла­мент­тік Ас­самб­лея­сы­ның ме­да­лі – Мәжіліс Ап­пара­ты бас­шы­сының орынбасары Бо­лат Ка­­льянбековке, ҰҚШҰ Парла­мент­­тік Ассамблеясының құр­мет гра­мо­та­сы – де­путат Кон­стан­тин Авер­шин­­ге және Мә­­­­­жіліс Аппараты бө­­лімі мең­герушісінің орын­басары Жан­­тас Тасболатовқа табыс­талды. 

Сонымен қатар Мәжіліс Ап­пара­ты­­ның 16 қызметкері мен Материал­дық-тех­никалық қамтамасыз ету бас­­қарма­сы­ның 6 қызметкері Мәжі­ліс Төра­ғасының «Алғыс хатына» ие бол­­­ды.