Азық-түлік өнімдері адам басына 5 келіден артық сатылмайды
Азық-түлік өнімдері адам басына 5 келіден артық сатылмайды
© сурет интернеттен алынды
436
оқылды
Елордада бір адамға күнбағыс майын 5 литрден, ал жарма өнімдерін 5 келіден артық сатпайтын болды. Карантин уақытында енгізілген осы шектеу туралы Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев хабарлады. Оның айтуынша, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен банктердің кассалары бұрынғыша жұмыс істей береді. Тек санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейтіп, кезекте тұрған тұтынушылар арасында 1 метр алшақтықтың сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс. Төтенше жағдай уақытында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың импортына кедендік баж салығы алып тастауы мүмкін. Халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін сауда және интеграция министрлігіне осындай тапсырма берілді. Бұл сырттан келетін тауарлардың өзіндік құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Оның үстіне нарықта тауар көбейген сайын бәскелестік артып, бағаны арзандатуға болады.