Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ер адам танысының үйін паналап, бой тасалаған
Түркістанда медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушы ұсталды
671
оқылды

Түркістан облысының полициясы үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ер адам танысының үйін паналап, бой тасалаған.

“Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс жүргізу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу амалдары басталды”, — деп хабарлады департамент.

23 қазан күні Түркістан қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатқан сотталушы медициналық мекемеден қашып кеткен. БАҚ беттерінде тааған ақпаратқа сәйкес, емикрокредиттік ұйымға қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып танылған. Аталған ұйымның клиенттері несиелерін толық өтегенімен, кепілге қойған тұрғын үйлерін қайтара алмаған.