Мармара мен Эгей өңірлеріндегі елді мекендерде, әсіресе Ыстамбұл мен Измир қалаларында сезілген жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болған.
Түркияда магнитудасы 6 балдан асатын жер сілкінісі болды
437
оқылды

Кеше сағат 22:48-де Түркияның Балыкесір провинциясындағы Сындыргы ауданында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасының (AFAD) ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 6,1 болған.

Мармара мен Эгей өңірлеріндегі елді мекендерде, әсіресе Ыстамбұл мен Измир қалаларында сезілген жер сілкінісі 5,99 шақырым тереңдікте болған.