Израиль қаржы министрлігі де бұл ақпаратты «негізсіз» деп атады.
Израиль Google мен Amazon-нан жасырын бақылау жүйесін сұраған – The Guardian
285
оқылды

The Guardian басылымының хабарлауынша, Израиль үкіметі Google және Amazon компанияларымен жасасқан 1,2 миллиард долларлық  Nimbus  жобасы аясында ерекше шарт қойған. Ол шарт бойынша, егер компаниялар басқа елдердің құқық қорғау органдарына деректер беруі қажет болса, Израильге бұл туралы жасырын түрде белгі беріп отыруы тиіс болған.

Бұл механизм «жасырын көз қысып белгі беру жүйесі» деп аталған. Мақсаты – Израильге қатысты мәліметтер шетелге берілген жағдайда оны тез білу және бақылауда ұстау. Тіпті, егер заң бойынша хабарлауға тыйым салынса, компаниялар арнайы ақша аудару арқылы сигнал жіберуі керек болған.

Google мен Amazon бұл айыптауларды жоққа шығарып, мұндай әрекет заң талаптарына қайшы келетінін мәлімдеді. Израиль қаржы министрлігі де бұл ақпаратты «негізсіз» деп атады.