Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды, – деп хабарлайды Tengrinews сайты QazaqGaz Aimaq акционерлік қоғамының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 30 қазан күні кешкісін Шәуілдір ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі — газ жүйесіне өз бетінше қосылу.
«Бір адам зардап шекті, бірнеше пәтердің зақымдануы тіркелді. Газ беру уақытша тоқтатылып, желілер тексерілуде», – делінген хабарламада.