Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб карантин кезінде қызметі тоқтауы тиіс нысандардың тізімін жариялады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайтында.
Сонымен, қызметі тоқтауы тиіс нысандардың тізімі төмендегідей:
1. Ірі сауда нысандары, сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері, отбасылық демалыс орталықтары, әмбебап және азық-түліктік емес базарлар, оның ішінде жұмысы штаттық режімде жалғастырылуы тиіс азық-түлік бөлімдері, дәріханалар мен банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерін қоспағанда, осы нысандардың ішінде орналасқан автожуу, техникалық қызмет көрсету станциялары;
2. Онлайн тапсырыстарды және жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар қоғамдық тамақтану нысандыр (мейрамханалар, кофе ішетін орындар, дәмхана, тойхана, банкет залдары, фудкорттар, асханалар, донер, лаунж барлар, тез тамақтану пункттері, отельдердің лобби барлары, «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы іске асыратын «1000 орындық көшелік сауда» жобасының қатысушылары, азық-түліктен басқа);
3. Түнгі клубтар, барлар, қорқор тартатын бөлмелері;
4. Білім беру орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалар демалыс орындары, жеке меншік балабақшалар және басқалары;
5. Ойын-сауық нысандары (компьютерлік, караоке, букмекерлік және бильярдтық, PS-клубтар, квесталар, анти дәмхана, интернет клубтар, боулинг орталықтар және басқалар);
6. Спорт нысандары (фитнес, йога және массаж орталықтары, СПА салондар, аквапарктер, қоғамдық моншалар, бассейндер, солярийлер, тирлар, атыс алаңы және басқалар);
7. Қызмет көрсету саласы нысандары (косметология, сұлулық салоны және т.б.);
8. Онлайн тапсырыстар мен жеткізулерді көрсету мүмкіндігі бар азық-түліктік емес сауда нысандары;
9. Кинотеатрлар, кинорумдар мен театрлар;
10. Онлайн тапсырыстарды және жеткізуді көрсету мүмкіндігі бар автосалондар, автобазарлар, автобөлшектерді және басқаларды сату салондары.
Сонымен қатар жедел штаб жаппай, салтанатты, ұмытылмас және еске алу іс-шараларын, көрмелер, форумдар, конференцияларды өткізуге тыйым салды. Ал онлайн тапсырыстар мен жеткізу мүмкіндігі бар бизнес-орталықтары жанындағы қоғамдық тамақтану пункттерінің қызметі тоқтатылып, бизнес-орталықтардың, техникалық қызмет көрсету станцияларының (бөлек тұрған ғимараттардағы вулканизациялау, автожуулар) жұмыс кестесі сағат 10.00 бастап 17.00 дейінгі режімде белгіленді.