Прокуратура жер учаскесінің міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ санитарлық-қорғау нормаларының бұзылғанын анықтады.
Қостанайда ірі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
541
оқылды

Қостанайда қалалық прокуратура «АБЗ плюс» ЖШС жалға алған, кадастрлық құны 1,2 миллиард теңге болатын 57 гектарға жуық жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аталған жер учаскесі коммерциялық аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін берілген болатын. Алайда жүргізілген талдау барысында жерді беру кезінде бірқатар өрескел заңбұзушылықтар белгілі болды.

Прокуратура жер учаскесінің міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ санитарлық-қорғау нормаларының бұзылғанын анықтады.

– Бұдан бөлек, жердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды.

Анықталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасы  Жер кодексінің талаптарына қайшы келеді және жер ресурстарына тең қолжетімділік қағидаттарын бұзады, – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде Қостанай қаласының прокуратурасы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арызбен сотқа жүгінді.

Сот прокуратураның ұстанымын толық қолдап, шешім заңды күшіне енді.