Авторы: ELTANBA
Сөйлеспейміз,
Тек «Көру» бар құлқыннан,
Жан байлығы жеріп кетті ұлтымнан.
Ақша ас боп,
Адам аш боп бүгінде
Шын болмысы сыртқа қарай ұмтылған.
Арзан ойын, тегін күлкі шын қалау,
Қолдан келсе тарихымды бұрмалау,
Елдің шамын жағып біреу ұмтылса
Бола қалар жалғыз өзі мыңға жау.
Жасандылық – беріп тұрып келісім,
«Ашаршылық» жайлағанда ел ішін,
Ұлы Абайдың ұрпағына арнаған
Қара сөзі – «қарын тояр» жемісім.
Батырсымақ қуаласа мәнсіз кек,
Қыз бұзылып есіп тұрса арсыз леп,
Жаратқанға тапсырып тағдырыңды
Бір Алланы сүю керек «жалғыз» деп!
Сәби «үй» қып қоқыстың арасының,
Әке өлсе қолынан баласының,
Адам сүйсе адамды, ел – ұлдарын
Табар еді-ау бұл өмір жарасымын.
Жалған достық, өтірік, жалған бәрі,
Жалған байлық, сезімді армандады,
Тек Әділет сүйгенде тұғырлысың
Салмақ тартпас Жаныңа қалғандары.
Бұрыңғылар «Адам» деп айдар тақты,
Жынды болса ата-ана байлап бақты.
Бүгінгілер бойынан қалды таппай
Ыстық жүрек, нұрлы ақыл, қайрат қатты.
Тауып ебін жегендер таразының,
Сол себепті тағдырға наразымын,
Аш құрсағын Рухымның тойдырайын
Абай айтқан түгендеп жан азығын.
Көк тәңірге сыйынатын көктегі
Біздің қазақ көкжал қасқыр, көк бөрі,
Ұлтқа қызмет етуге мінез қалмай
Баба рухы бізге қатты өкпелі...