Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 137 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының Сейсмикалық стансалар желісі.
«Зілзала Алматы уақытымен 20 наурыз 6 сағат 49 минут 00 секундта тіркелді. Энергетикалық класы – 10,9. Магнитудасы - 5.1. МSК-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі сезілген», - делінген хабарламада.