Авторы: Муслим
Ұлы дала перзенті ұланмын,
Тілімді тұмар ғып тағындым,
Қастерлеп Құранды құп алдым,
Ана тіл айнасы арымның.
Тамыры бұлақтан нәр алып,
Жапырағы жайқалды еменнің,
Тектілік өн бойға таралып,
Тіл ана омырауын мен емдім,
Алқакөл сұлама, шұбырынды ақтабан,
Соқпағы тұр әлі санада,
Оғлан ел өз тілін сақтаған,
Ғасырлар өтсе де арада.
Кеңестік кезде де сескенбей,
Арыстар қазақша тіл қатты.
Билерім басқаға дес бермей,
Ұлт тілін қолдады бір жақты.
Азаттық ақ таңы атса да,
Жанымды жауратты түнгі ызғар,
Арылмай жүр әлі жат сана,
Ұлт тілін ұмытып ұл-қыздар.
Бірліктің байрағын көтеріп,
Еңселі ел көгерер бір тілде,
Қадірің біздерге жетерлік,
Тарлан тіл тосылып іркілме.
Құнарлы ой, құнды сөз, нарт өлең,
Тірек бол әрбір адамға,
Мәңгілік тіл – мәңгілік мәртебем,
Жете бер заманнан заманға