Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы
«Поэзия» номинациясы: Анамның әңгімесі. Жирен ат (Баллада) (Мен өмірге келген күні болған оқиға)...
168
оқылды

Авторы:Тұманбай Молдағалиев

 І

– Шаруаның басы едім шалдан қалған

Мен әлі де сенбеймін жалған,жалған.. –

Деп бастады әкем бір әңгімесін,

– Тақымдыға жылқы еді арман болған...

 

– Қанжығаға байлады қай жылқышың?!

Қамаудағы ат,

Қап, әкең...

Қайда үркісін?!

Қорада ғой түліктің сонда бәрі

Азынаған Ақпанда айғыр – қысың.

 

Осыны айтып төсекке барып жатты,

Ошақ басын әлгі сөз ауырлатты.

Сұрап едім анамнан:

– Жәй әншейін,

Сағынған ғой, – дей салды ауыл жақты.

 

– Айт, анашым, жасырма жан балаңнан

Менен қымбат дейсіз бе малдағы арман?!

Қай жылқысы әкемнің жоғалтқаны,

Ұры-қары

Жоқ әлде

Молда ма алған?

 

 ІІ

Жанып жатқан бытырлап боз қараған,

Ошақтағы отына көз қадаған

Анам сонда бастады әңгімесін:

– Ол сағыныш әкеңе аз ба,балам..

 

– Әкең сабаз,анаңның мөлдір шағы,

Көктем келіп жібіген жер құрсағы.

Сен өмірге келмеген кез әлі де

Әжең жібін иірген өндір сары..

 

– Ішіңдегі, – деді әжең «күт балаңды»

– Қараймыз ғой қалдырмай жұтқа малды.

Таяған соң ай-күнім ауданға әкең

Жеделдетіп жеткізді жүкті анаңды..

 

Көп ұзамай қалың ел той-тойласып

Әкең жетті ауданға айхай,ғашық.

Тұңғыш рет қуандық, жаңа өмірге

Өзіміз де енді – енді тәй-тәй басып.

 

Ұрпағы деп ақын ел, батыр ердің

Әжең сонда деп еді: – ә,тілермін..

Жарық қылып сен келдің содан кейін

Тоғызыншы жұлдызын апрельдің.

 

 ІІІ

Мезгіл еді мал қамы көбірек кез

Байлаған сәт әйтеуір, төңірек көз,

– Бісміллә деп шошынды әжең кенет,

Әкең келді қорадан өңі боп-боз.

 

Өзім баптап, жемдеп ем жалын тарап,

Туа біткен жүйрік-ті Тәңір қалап –

Деді дағы басты үйді көңілсіздік

Жылқыны ойлап таппады жаным тағат.

 

Ертесінде күн райы тұр сұқтанып,

Әжең жүрді иірусіз ұршық қалып.

Сені тапқан сол түні солай,қарғам

Жирен аты жоғалды қырсық шалып.

 

– Жетер енді, жайт емес жас бұлардай

Деді әжеміз: – о, қарабасқыр Алла-ай!

Қарғып өзі кетті ме қорамыздан

Қайта келсе жарар да...

Қасқыр алмай..

 

 ІV

Қарғып шығып,шылбырын үзбегенмен,

Тым құрыса жан болмай түзде көрген

Құмалаққа түспеді қайран жылқы,

Табылмады жирен ат іздегенмен...

 

Қайырылмай қайран ат қылды әлекті

Ұрының да ұрысы-ау, жылдам,епті

Әкем содан мазасыз күй кешіпті,

Жүген-ойға бас бермей жылдар өтті...

 

Болған істен әйтеуір, жүрек басып,

Содан кейін бірнеше жыл өтті асып...

Біреу кіріп келіпті кенет үйге...

Әжем жатқан қазанға сүрі етті асып:

 

– Жамандатқыр,түріңмен жау бұзасың!

Қызғанатын біз емес жалғыз асын.

Қақсаң етті есікті,

Қайдан келдің,

Арақ мүңкіп мұртың мен аузы-басың?!

 

– Мен ғой апа..

– сен бе едің, қайдан жүрсің?

– Айтайын да,

Бар болса айран құйшы...

– Айран емес арақ қой сұрағаның

Сені іштіріп дейін бе, сайран қылсын!

 

Келмей кеткен кісі еді жыл қаншама,

Қойдырмаған арағын қылған шара...

Осы ағаға ойланбай төрлет деді,

Босағада тұрмаған кім болса да.

 

Үйдей бәле қылса да үйге ендірді

Көздеріне әлдене түйген мұңды:

Түсін айтты: үстіне мінгізіп ап

Жирен кірді,түсіме жирен кірді...

 

Әжем елең етті де:

– О,бәтшағар

Не жазып ек Құдайға жолап саған...

Қолды қылып жиренді мен туған түн

Жылдап арақ ішіпті сол ақшаға...

 

– Қоям,апа осыған жолағанды,

«Қиянатым осы бір еді обалды...»

Жирен атты меңзепті дастарханда,

Сонда жылап отырып қонақ әлгі...

 

Қайтты үйіне, ауызы тимеді аққа

Құрық салған сол екен жирен атқа.

Айтып қалды мастықпен сөз арасы,

Құдай сақтап тек әкем үйде жоқта.

 

 V

– Солай балам,ержеттің сен де бөлек,

Еңбек жазар адамсың елге керек.

Осы ғана айтарым, – деді де анам,

Әкем жатқан отырды бөлмеге кеп.

 

Кейін білдім, оқырман,

Өкінгеннің өткенге бар ма мәні?

Ұрлық жолы болғасын таңдағаны

Ұры деген ауданға аты шыққан,

Бізге туысқан екен әлгі адамы..

 

Өмір дейсің ол дағы, өмір десем

Сәби шағым,көп алма көңілге,сен.

Тәңір берген өмірге жирен атпен

Тұңғыш рет кетіпті-ау менің де есем.