3 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында мал ұрлығын ашу және оның алдын алу, сондай-ақ мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдау мен сатуға жол бермеу мақсатында "Бекет" профилактикалық шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шара барысында полиция қызметкерлері Глубокое ауданы мен Риддер қаласының аумағында мал ұрлығымен айналысқан топты ұстады. Төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екі ер адам ұсталып, келтірілген шығынның жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асты. Бұдан бөлек, ЖПІШ аясында 50-ден астам құқықбұзушылық анықталды.
Полицейлер қызметкерлері бақылаусыз мал жайылуын тексеруді күшейтіп, автокөліктерге, базарларға және сауда нысандарына тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізуде. Өнімнің заңды ветеринариялық құжаттарының дұрыстығын қадағалап жатыр.
Полиция азаматтарға мал жаю, тасымалдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату ережелерін сақтауды, сондай-ақ тиісті ветеринариялық құжаттарды алдын ала рәсімдеуді ескертеді.