Сонымен қатар жеткізілген жабдықтың сапасы мен стандарттарға сәйкестігін тиісті деңгейде қадағаламаған техникалық қадағалау мамандары да жауапкершілікке тартылды.
Алматыда Төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары қылмыстық жауапқа тартылды
387
оқылды

Алматыда ТЖД басшысының орынбасарлары қылмыстық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Сонымен қатар жеткізілген жабдықтың сапасы мен стандарттарға сәйкестігін тиісті деңгейде қадағаламаған техникалық қадағалау мамандары да жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, өткен жылдың 23 қаңтарында Алматы қаласында жер сілкінісі болған еді. Алайда, сол кезде автоматтандырылған ескерту жүйесі іске қосылмай, тұрғындар дер кезінде құлақтандырылмаған. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласының прокуратурасы тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталды. Істі қараған Алматы гарнизонының әскери соты айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оларға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды.