Анадолы агенттігінің хабарлауынша, Стамбұл әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті.
Сабихи Гёкчен атындағы әуежайда Измир – Стамбұл бағытындағы жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті дер уақытында сөндірген.
Түркияның көлік және инфрақұрылым министрінің айтуынша, жолаушылардың бәрі аман-есен. Бірақ зардап шеккендер бар. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.