Авторы: Бұлан
Ол есіктен кіре сала диванның үстінде ұялы телефонның ішіне үңіліп отырған ұлы мен қызына:
– Телефонға тағы кіріп отырсыңдар ма, ең болмаса мына үйді жинамайсыңдарма? Не кітап бетін ашпайсыңдар, – деп қынжыла сөйлей кірді. Екі бала атып тұрып үйді жинай бастады. Күнделікті әдеттері осы. Бұған Алмас пен Айзеренің етіде үйреніп қалған секілді. Әкелері сөйлеп- сөйлеп қояды дейма, қимылдап үй жинаған кейіп танытып жүр. Аз уақытта қайта бұрынғы әдеттері не басатыны анық. Оны әкесі Ержанда біліп тұр. Сонда да күнде айтып жүрген сөздерін бір қайталап айтуды ұмытпайды. Әлде өзіне де осы әдет боп қалған ба? Кім білсін...
Ержан отау құрғалы он жыл уақыт болыпты. Кеше ғана от басы болып, отау құрған күні көз алдында. Құдай қосқан жары Әселмен өмір бойы бірге тұрып жатқандай күй кешеді кейде. Ойланып отырып бала кезгі өмірі көз алдына келді.
Ержан еңбекке ерте араласты. Ол кезде ауыл баласының бәрі еңбекке жақын болды емес пе. Ержанды он айға толар толмас кезінде үлкен әкесі: Ержан-менің балам, өз қолымда болады деп алып кетті. Оның себебі де бар еді. Ержан туылғанда әкесінің ағасы бұл менің балам деп еншілеп алғаны бар. Ол кезде үлкеннің сөзі сөз, ешкім қарсы келе алмайды. Сол айтқаны есіне түсті ме алды да кетті. Содан бастап Ержан қыста қыстауда, жазда жайлауда өсті. Төрт-бес жасынан қой бақты. Қой дегенде отарға ілесе алмайды ау деп кәрі-құртаң, ақсақ-тоқсақ, ауыру сырқау қойларды бөлек бағатын. Оны мұндағылар пырақ деп атайтын. Сол пырақ қойды бағып күн ұзақ артында жүреді. Отарға ілесе алмайды дегені қайдам кәрі қойлар осы өңірдің қыр сырына қаныққан әбден тіс қаққан бәлелер қай жерде жұмсақ шөп, жақсы жер бар бәрін біледі сол жаққа жыбырлап кәрі денесін сүйретіп қыстаудан ұзап кететіні де бар. Ержан сол пырақтың артында жүргені. Жалғыз емес қасында Таймас деген сенімді серігі бар. Ит болсада адал досы, сырласы. Қойдың жайын жақсы біледі. Ержан ысқырып қолын шошайтса болды қойды иіріп алдына айдап келеді. Түс кезі болғанда иығындағы қоржыннан тіске басары мен қалта термосқа құйылған ыстық шәйі бар. Соны жеп ішіп құрсағын тойдырып алады да, күннің еңкейуін күтеді. Жайлау мен қыстаудың ортасында жүріп Ержан жеті жасқа келді. Мектепке баратын уақытта келді. Ержан ауылдың бетін сол кезде бірақ көрді.
Ержанды бірінші қыркүйек күні анасы ертіп мектепке әкелді. Сыныпқа кірген бойы өзін ыңғайсыз сезінеді. Өйтпегенде қайтсын бұл орта оған бөтен, тапбір басқа ғаламшарға түскендей жан жағына жалтақтайды. Таудың басында қой мен Таймастан басқа ешкіммен ойнап сырласып көрген емес. Таумен таспен табиғатпен сырласып әнін айтып, сырын айтып, өз өзімен сөйлесіп жүре беретін. Сабақ арасындағы үзілісте барлық бала бұрыннан бір бірін танитындай шүйіркелесіп ойнап кетті. Тек Ержан ғана жатырқап тұр. Сөйтіп жүріп бірінші сыныпты да бітіруге таяды. Ержанның сабағы жақсы болды. Бір күні шәй үстінде үлкендердің ауылдан көшеміз деген әңгімесін құлағы шалып қалды. Көшкенде де сонау қалаға көшеді екен-мыс.
Ержанның көз алдына кинодан көрген Зәулім үйлер кең көшелер, зуылдаған көліктер елестеді. Құдды ертегілер еліне баратындай қуанды. Оқу аяқталып көшетін де күн келді. Үлкендерден естігені рас боп шықты. Бұлар қалаға көшпек. Оны оңашада анасы айтып қалды. Қала болған да Алматыға жақын Талғар деген жер екен. Ержанның қуанышында шек болмады.
Қаладағы тіршілік қым-қуыт,жанталасқан өмір. Аты қала болғанмен қалаға іргелес орналасқан шағын ауыл. Қалаға жақындығы болмаса, бұл жерде де сол ауылдың тірлігі. Мал бағу, су тасу, таудан отын әкеліп оны кесіп, жарады. Ержанның ойындағы қаласы бұл емес еді. Бірақ бір өзгешелік бар сияқты сезіледі. Әйтеуір бұл жерде адам көп, бұрынғы тауы сияқты жалғыз өзі тау басында күн ұзақ жүрмейді. Арасында сабағына барып, одан қолы қалт етсе көрші балалармен доп ойнап та үлгереді. Сол ойынның арқасында малдан талай көз жазып қалғаны да бар. Әкесінен оңбай таяқ та жеген кездері де аз емес. Ондайда анасы шыр-пыр боп бәйек болады. Осы малды сатып көзін құртам, деп кейіп қоятын. Ол сөз Ержанға медет болады. Ертең малды сатып, бұл бітпейтін тірліктен құтылардай көрінетін. Бірақ олай болмайды. Күн көрістің бір бөлшегі болған малдан айырылмайтынын шешесі жақсы біледі.
Малдан бөлек осы үйдің отынын жарып, суын тасу Ержан мен одан екі жас үлкен ағасының мойнында. Бала күннен осы тірлікті үйреншікті әдетімен істеп үйренген. Ержан мен алдындағы тетелес ағасы малға жауап берсе, оның алдындағы екі ағасы үйде ас әзірлеп, тамақ дайындап, тазалығына қарап, таудан отын түсіруде сол екі үлкен ағасының мойнында болатын. Ержаннан он төрт жас кіші інісі бар , ол тірлікке бос, үйдің ерке баласы еді.
Ержанның ата-анасыда өте еңбекқор жандар еді. Әкесі бір қожалықта профком болып қызметте істейтін, ал анасы мектепте еден жуушы еді. Анасы сонау бір шалғай ауылда өмір сүрседе, орыс мектебін үздікке бітіріпті, арманы мұғалім болу болған екен. Алайда тұрмыс құрып , ата-енеге қызмет етіп, қатар-қатар сәбилі болып ауылда қалыпты.
Бүгін анасы жұмыстан ерекше қуанышты көңіл-күймен келді. Әлде бір әнді ыңылдата жүріп, ерекше көңіл-күймен кешкі асты да дайындады. Ас дайын боларда жұмыстан оралған отағасын да тым ерекше көңіл күймен мәз бола қарсы алды.
Мұны байқаған отағасы да:
– Е, не болды, жерден жеті қоян таптыңба? – деп әзілдеп қояды.
Осы сәтте барып аналары қуанышымен бөліскен еді.
– Біздің мектепке, орыс тілі маманы жетіспей тұрған көрінеді...
– Содан...?
– Содан маған директор ертең сабаққа дайындалып келіңіз, ауданнан комиссия мүшелері келіп, сабағыңызға қатысады, егер бәрі жақсы болса, сізді алады деді.
Әкесі:
– Сен, ондай әңгімеңді доғар, қолыңда дипломыңда жоқ, ертең пәленше профком болып жүріп, ақша жеп, пол жуып жүрген әйелін мұғалім жасап жіберіпті деген әңгімеге қалып, масқара болармыз деді.
Анасы шыр-пыр болып әлек:
– Ел не демейді, бұл менің бала кезден келе жатқан арманымғой, арасында мұғалімдер бос болмай қалған сыныптарға кіріп, өзімше сабақ түсіндіретінмін, соны басшылық байқап, маман жетіспеггеннен кейін өздері ұсыныс тастады, комссия шақырып біліміңізді тексерейік деп. Бұл маған берілген мүмкіндіккой, егер комссиядан өтпесем өзімде қоямынғой бұл арманды деп үзіле қарады...
Әкесі сәл үнсіз жатып, келіскендей ишарат білдіріп басын-болар болмас, түсініксіз изеді. Бұл жұбайының арманына балта шаппайын деп жұрттың сөзін ысырып қойғандығыма, әлде жұбайына комиссиядан өте алмай, құлайд ау деп сенбегендігіме, не ойлап келісім бергендігін кім білсін...
Анасыда мәз бола, мектепте оқитын балалырына:
– Әй, орыс тілі оқулықтарыңды тез әкеліңдер деп тапсырма берді деп, өзі қуана әндетіп, түпкі бөлмеге кірді де кетті. Сол кіргеннен біразға дейін шықпады,себебі сабаққа дайындықты бастап кеткен еді. Үміті ақталып, арманы орындалыпты, ертесі-ақ жұмыстан қуанышты хабармен келді. Комиссия мүшелері, Ержанның анасының сабақ бергеніне өте риза болыпты, сонымен орыс тілден сабақ беруге келісім беріпті. Енді оқу керек депті, тіпті сырттай оқитын оқу орнын да тауып, айына қанша рет бару керек , бәрін реттеп қойыпты.
Мұны естіген әкесі:
– Енді төрт-бес баладан кейін оқимын дегенің қай сасқаның? – деп тағы таңғала сұрақ қойды. Арманынан бас тартатын анама, әйтеуір түсіндіріп, шыр-пыр болып жатып әкесін көндірді.
Дәл сол қуынышты күннен бері жиырма жылдан астам уақыт өтіпті. Жиырма жыл ұстаздық жолда Ержанның анасы көптеген жетістіктерге жетіп, қадірлі ұстаз болды, ұстаз деген киелі атқа кір келтірмеді. Ауылдағы алғашқы ұстаз болып қызмет еткен жылдары, әкесі айтқандай, жұрттың:
– Пәленшенің әйелі пол жуып жүріп, күйеуінің арқасында мұғалім болап алыпты, ертек директор болса таң қалмаймыз деген сөзіне қалған. Ондай кездерде намысты, ұятты бәрінен биік қоятын әкесі, жұбайына ренжіп, қабақ шытып алатын күндеріде көп болған.
Анасы:
– біздің адалдығымызды Алла көріп тұрғой деп ашуын басып алатын. Ержанның анасы аяқ асты ауырып, өмірден өтті. Анасы өмірден өткеннен кейін, анасының күнделігін тауып алған болатын, ішіне біраз сырларын жазыпты. Оқып отырып көзіне жас тығылды.
«Аллам мені ауырта көрмеші, мен әлі ұстаздық жолымды аяқтамадым, қаншама шәкірт тәрбиелеуім керек, қанша балаға білім беруім керек, мен қоғамға, шәкірттеріме керекпін!» депті. Өз жұмысын осыншама жақсы көретін адам болады екен аудеп ойлады іштей, тіпті аурып, төсек тартып жатсада шәкірттерін ойлаған екенғой....Бірақ анасының еңбегі еш кетпеген екен, осыдан бірнеше жыл бұрын, анасы өмірден өтседе осы үйдің әрбір мүшелеріне анасының шәкірттерің он жылдық бас қосу кештерінен шақырту келген болатын. Анасының қандай керемет ұстаз болғанына Ержанның және осы үйдегілердің сол кезде көзі жеткен еді. Өзі өмірден өтседе оқушылары іздеп келіп, ескае алып, үйдегілерге шақырту бері кетті. Өкінішке орай ол кешке, ешкім бара алмады. Кеш өткен соң оқущылары тағы іздеп келіп, «ұстазымызға» деген сиымыз еді деп силықтарын табыс еткен болатын. Ол силық дәл қазір үйдің бір бұрышынан орын алып тұр. «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді...» деген осы шығар сірә.
Ержан ойланып отыр. Әкелері де өте еңбекқор, сырапшылдықты ұнатпайтын, тік мінезді , намысшыл адам. Бірақ ойланып отырса әкеміздің осындай құрметінің артында анамыз тұрған екен-ау деді. Әкелерің естісе ренжиді,әкелеріңнен ұят болады, әкелеріңнің мазасын алмаңдар. Осы үйдің балаларының үнемі еститін сөздері еді... Содан да болар балалардың бәрі жақсы оқуға, қоғам тынысына белсене араласуға, бала кезден еңбекке белсене араласып, қолдарынан келсе өз қажеттіліктерін өздері өтеуге тырысты. Алты ағайынды ағаларының алды мектеп бітіргенде де , оқуға өз күштерімен түсуге талпынды және солай да болды. Үйдегі алты ағайындының ішіндегі ең озат оқитыны да осы Ержан тұғын. Әкесі де басқалардан бұрын Ержанның сабағын көбіне өзі қадағалайтын, бәрінің жиналысына аналары барса, Ержанның жиналысына әкесі баратын, сенен көп үміт күтемін деген сөзді де жиі айтатын.Алдағы төртеуі айтарлықтай керемет оқымасаба, бақтары жанып өз күштерімен оқуға түсіп, бір-бір мамандық иесі болып шыға келді. Мектеп бітірер кез Ержанға да келді. Бәрінен де жақсы оқып, көп үміт күттірген Ержан өкінішке орай әкесі ойлағандай үмітін ақтай алмады. Содан болар үнемі өзін әкесінің алдында кінәлі санайды, әкесінің өзіне деген көзқарасы өзгеріп, суық қабақ танытатындай сезінеді. Бұл тек Ержанның өзінің ішкі сезімі еді. Әкесі Ержанды ерекше жақсы көрмесе, ешкімнен кем көрмейтін, тек оны сыртқа шығарып айтып, көрсете бермейтін.
Ерекше жақсы көргендігіненде болар балалардың бәріне:
– Оқуға өз күштеріңмен түсесіңдер, түсе алмасаңдар бірден жұмыс істеп, өз күндеріңді өздерің көресіңдер, ешкімді ақылы оқытпаймын деп талап қойған әкесі, анасымен ақылдаса келе Ержанды ақылы оқытатын болып шешті. Себебі Ержанның түбі бір жерден шығатынына, түбі үмітін ақтайтынына сенеді. Ержан әкенің қалтасына түсір, ақылы оқып жатқанына өзін ыңғайсыз сезініп, оқу ақысын өзі төлемек болып қосымша жұмысқа кірісіп кетті. Тігін фабрикасына жұмысқа тұрды, кәдімгідей екі жүз, үш жүз адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жер. Ержан осы жерде маталар мен жіптерді тасиды. Матамен жіпті тасып жүріп, аттарын керемет жаттап алды. Қай матамен қандай киім тігіледі, оған қандай жіп қолданады десең ұйықтап жатып айтып береді. Содан да болар он сегізге енді толған жап-жас бала бастықтарының көзіне түсіп, қызметіде өсе бастады, арасында сыйақысымен қоса жап-жақсы жалақыда алып жүр.
Бәрі жақсы болып келе жатқан еді, егер бір күні жұмыстан бір шикілік шықпағанда. Таңазанмен жұмыста жиналыс болады деп бәрін шақыртып алды, тура Ержандар істейтін бөлімде біраз киімдер жоғалыпты. Күдікті жап-жас бала Ержан және отбасы, бала-шағасы бар қырықтар шамасындағы Ержанның әріптесі екен. Екеуінің біреуіне өз еркімен шығынды өтеп, жұмыстан шығасыңдар депті. Әлгі әріптесі мен шығынды қалай өтеймін, жқмыстан шықсам бал-шағамды қалай бағамын деп жыларман болған соң, жазықсыз Ержан әріптесін аяп, өз еркімен шығынды өтеп, жұмыстан шығуға келісім беріпті. Ал әлгі әріптесі оңашада Ержанға жаздым, жаңылдым деп бар кінәсін тек Ержанға мойындап, өзі жұмыста қала берген. Осылйша Ержан бір жұмыстан шығып басқа жұмыс тауып, оқу ақысын өзі төлеп жүріп, оқуын да ойдағыдай аяқтады. Тек ол сол сала бойынша жұмыс істемеді, себебі Ержан шығармашылықтың, әдебиеттің адамы. Ал әкесі Ержанды тек бастық ретінде елестетін.
Кейіннен отбасын құрып, балалы-шағалы болып, мойнына жауапкершілік артылған соң, ер азаматтың екі қолына бір күрек табылар, мақсатым бастық болу емес деп кез-келген жұмысты атқара беретін болды. Бірақ қолынан қалам, қағазын тастаған емес. Балаларына да шектеу қоймайды. Қалаған, жаның сүйген іспен айналыс дейді, тек налыйтыны балаларының осындай мүмкіндік көп уақытта, телефонға телміріп отыратындығы алаңдатады. Мүмкін бұлар жұмыс істемей-ақ ізденсін, оқысын деп, қазір білімнің заманы деп еңбекке араластырмағаным дұрыс емес болдыма депте ойлайды. Сондықтан да жұбайы екеуі жұмыстан шаршап келіп, есіктен кіргенде Алмас пен Айзеренің тым болмаса өздері шәй ішкен кеселерін жумай, жатқан орындарын жинамай отырғандары қынжылтады.
Айтпақшы Ержан әкесінің үмітін бәрібір ақтады. Әкесі армандағандай үлкен бір жерде бастық болмасада , әкесінің, анасының атын әр әңгімесіне, әр өлеңіне қосып жүр. Ержан қазір «жазушылар одағының» мүшесі. Әлеуметтік желілерде жазбаларын жиі жариялап тұрады. Жақында Алмаста атасына уәде беріпті.
– Ата мен жақсы оқып жүрмін, ютубқа қарап өзім бірнеше күй үйреніп алдым, мен атақты күйші боламын, сосын сізді ұшақпен әр мемлекетке ұшырамын депті. Атасы бұны Ержанға мақтанышпен айтып берген көрінеді. Ержан іштей, демек балам Алмас телефонға босқа телміріп жүрмеген екен деп қуанып қалды. Өзінен әкесі зор үміт күткендай, Ержанда баласы Алмастан зор үміт күтеді. Әрбір ата-ананың арманы өзім шықпаған шыңға балам шықса екен дейді. Бізде Алмастың еңбегі еленіп, жетістіктерге жететініе сенейік...!