Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы
«Проза» номинациясы: Өмір-кино
1,070
оқылды

Авторы: Дана қыз

 

Жаз айы. Үй іші қалың ұйқыда. Баланың ынырсығаны, жылағаны жанына батып, тәтті ұйқыны қалың оймен көз ілмеген ана. Себебі, бала мүгедек еді. Мүгедектігін білмеген ана баланың жылап шырқыраған дауысымен есі шығып, таңға арпалысты. Бір ойы тұңғышы мектеп бітіріп оқуға жіберуі, бір ойы мүгедек баланың мазасыздығына алаңдауы. Қалың оймен басы қатқан ана қалаға көшіп кетуді жөн-көрді. Таң атты, отбасы мүшелеріне кезектеп ұйқыдан оянуда. Анажан дастархан жайып үй ішін танғы асқа шақырды. Ас үстінде әңгіме қозғап:

– Қалаға көшсек қалай қарайсындар?

О, жақсы болады ғой онда, – деп балалар мәзбіз. Есі кірген үлкен әпкем:

– Мама қайда бармақшымыз? Қалада кім күтіп тұр? Мен ауылда қаламын. Мектепті осы жақтан аяқтаймын үйреніп қалдым, – деп әкемізге жалтақтады. Әкеміз анамызды қолдай кетті.

– Көшсек көшейік балалар дамысын, Жанболатты қаратайық. Жұмысқа орналасамын, қорыққанға қос көрінеді, не болсада басқа салғанды көреміз, – деп сөзді аяқтап әйеліне мейірлене жымиды. 

Қалаға көшуге дайындық басталды. Анамыз қамданып кетті. Үйдегі мал-мүлікті сатып бастады. Бар жоғы екі күн ішінде жиһаз, ыдыс-аяқты таратып, әр баланың киім-кешегін, көрпе жастық бір қабат жиып жолға шықты. Екі көлікке екі бөлініп отырдық. Туысқан, көршілермен қимастықпен қоштасып, көзге еріксіз жас алдық. Үйдің үлкені ауылда нағашы ата-әжеміздің қолында қалды. Үйден алыстай бере барлығымызда қимастық сезім пайда болды.

– Мама мүмкін ауылда тұра береміз, – деп ортаншы қыз тіл қатты.

– Жоқ кеткеніміз кеткен. Енді ауылға келейік, қайтайық деген әңгіме болмасын. Не болсада көреміз. Қалаға барып өсіп-өнеміз деп сеніммен жауап берді анасы.

Сол әңгімеден соң ешкімде үн жоқ. Ауылдан шығып, ауылдан алыстай бергенде анашымыз ішіне өксік толған күйде қысылып жылап отырды. Ананың көз жасын көрген балалар қайдан көңілді отырсын?! Көздерінен аққан жастары тамшылап жылай берді.

Қалағада жеттік. Бірінші рет қаланы көрген бала көңіліміз алып ұшып, қаланың сауда үйлеріне, көп қабатты үйлеріне таңырқап қарап:

– Маматай осы жерлерге қыдырып келейікші, – дедік.

– Жақсы балалар, келеміз. Орналасып реттеліп алайық міндетті түрде бір күні әкелерінмен, – деді анасы.

****** 

Тұратын үйгеде жеттік. Қала дегенге жолда көрген зәулім үйлер сияқты болады деп ойлағанбыз. Ойлағанымыздай болмай шықты. Керегелері құлаған екі қабатты үй екен. Есік алды қоқыс. Адамдарыда жылы қарсы алмады. Ол үйде анамыздың туған сіңілісі тұратын еді. Сол кісінің үйінде пәтер тапқанша тұратын болыппыз. Жайғастық. Кешқұрым уақыт ешкімде үн жоқ. Аулаға шықтық. Орыс,қазақ, шешен ұлтты адамдарда тұрады екен. Бір кезде айғай шу болып кетті. Ауылда жүріп адамдаың бір-бірімен қырылысқанын көрмеген біз абдырап қалдық. Біз қарап тұрғанға, орыс әйел:

– Ну что смотрите?! Людей не видели? Сейчас получите, – деп, ішімдікке тойып алған орыс әйел айғайды салды. Қатты дауыстарды естіген нағашы әпкеміз бен анамыз далаға шықты.

– Не жағдай? Не болды?

– Білмейміз. Орыс тате келіп «сейчас получите», – деп ұрсып берді, түсінбедік дедік.

– Жарайды үйге кіріндер, – деп бізді үйге кіргізді.

Күнде үй алдында ұрыс-керіс. Ол жағдайдан қорыққан біз анамызға ауылға қайтайық деп жылаудамыз. Түнде шырт ұйқыда жатқанда, анамыз таңға жылап шығатын. Сүйтіп жүріп, басқа пәтер тауып көштік. Мектептің жаны. Үлкен стадион. Мектепке орналастық. Озат оқитын болғандықтан екі мектепте құжаттарға қарап сөзсіз қабылдайтындарын айтты. Гимназияға қарағанда орта мектеп жақын болғандықтан, орта мектепке құжаттар тапсырылды.

Мектепке әлі бірталай уақыт бар. Біздің киім-кешегіміз қажетті құрал-жабдықтарымыз бар. Әкеміз бен анамыз қиналып жүргенін байқап жүрміз бала болсақта. Нағашы әпкеміз бен жездеміз бала-шағасымен гектар жер алып қылшы істейтін. Бізгеде сол жұмыс жайлы ұсыныс тастады. 

– Өздерің қатарлы балалар бар, күндік ақшаға жұмыс істеп жатқан. Шығып көріңдер,-деді. Ол жұмысқа қызыға қараған біз:

– Ия барып көрейік, істейік деп,- келісе кеттік.

Егіс алқабына бардық. Таңғы 3 уақыт. Адамдар жанталасып жұмыс істеуде. Сондағысы сажамен береді екен өлшеп жерді. Қызық көріп істеп кеттік. Кешке қарай тапқан ақшамызды анамызға әкеліп береміз. Солай екі аптадай уақыт жүрдік. Әкеміз жұмыс тауып орналасты. Бәрі бірқалыпта келе жатты. Бір күні кіші аурушаң інім былқ-сылқ етіп, аузына жара қаптап, жан-сақтау бөлімінен бірақ шықты. Жағдайы нашарлап, өлім аузында жатты. Осылай ауырып ауруханаға түскенде ғана інімнің диагнозын дәрігерлер айтты. Туа біткен сал ауруы екен. Ешкімде көңіл күй жоқ. Ары қарай не болады, баланың тағдыры, ауыртпашылығы қалай болады деген ойлар жей бастады.

Сүйтіп жүргенде әпкем ауылдан қасымызға келді. Ауруханаға апаратын тамақ бар, дәрі-дәрмек бар, қаражат жетпей тағы егіс алқабына жұмысқа шығуды жөн көріп, өздігімізбен жұмыс істей бастадық. Күндер жалғасып, мектепке баратын уақыт таяды. Бұрын ауылда болғанда бастан аяқ киінетін едік. Осы жолы бір қабаттан ғана өте қажеттілігі бар заттарды ғана алдық. Мектеп оқып жүріп, мектептен тыс демалыс уақытында қосымша жұмыс істеп, үйге көмек бере бастадық. Сыныптастарымыздан ұялып көліктен түсе сала үйге қарай қашатынбыз. Ешкім көріп қоймасын, ешкім біліп қоймасын деп.

Қиыншылықтың бәрі енді басталарын кім білген? Әпкем мектеп бітіріп, оқуға ақылы түрде түсті. Ауылдағы үйді, қаланың маңайындағы жерді арзан бағада саттық. Мүгедек бала жайына қалды. Ақша жоқтық. Әпкем жолға ақша болмай жатақханаға орналасты. Үйден бір түйір қыл сұрамайтын. Оқудан тыс бала күтуші болып жұмыс істеді. Әйтеуір, үйге тасымаса үйден алмайтын. Пәтерден-пәтер, көшіп қонумен уақыт өтіп жатты.

******

Күз айы. Мектептен келген уақыт. Інім ойнап келейін деп көрші балаларға кеткен еді. Кешкі сағат алты. Інім жоқ. Мамамыз:

– Айдар қайда???

– Келмеді. 

– Барып ертіп келіңдер!

Көршінің үйіне бардық. Жоқ. Айналаны шырқ ұрып іздеп жатырмыз. Таппадық. Арада екі сағат уақыт өтті. Енді өзіміз іздеп таппаспыз,-деп кезекші бөлімге хабар бердік. ОПЕР-тобы иттерімен, полиция қызметкерлері барлығы жұмыла кірісті іздеу жұмыстарына. Таба алар емеспіз. Анамыздың уайымдай, жылай әліде кетті. Сұлқ отырып қалды. Біздің тұратын үйімізден төмен орналасқан ескі үй бар тұғын. Сол үйдің жанынан үш мәрте өттім. Сол үйге шақырып тұрғандай. Інімнің дауысыц сол үйден шыққандай. Көңілім сол үйге алып-ұшып тұрды. Бір уақытта жүрегім жарылардай болып, полиция қызметкеріне айттым:

Мүмкін ана тұрған үйді көрерміз? Сол үйде секілді болып тұр маған дедім.

Сол үйге бардық. Шатырын, құлап тұрған қорасын араладық. Таппадық. Үйдің кіретін есігін тартсақ, құлыптаулы. Қызметкерлер бір-біріне ымдап есікті жұлмақшы болды. Бірақ есікті бойы сұңғақ, көздері алайған, арықтау келген еркек адам ашты. 

– Үйде кім бар?,- деді майор. 

– Ешкім жоқ. Өзім жалғыз тұрамын деді, – гүрілдеген дауысымен. 

– Бала жоғалды. Есікті аш! Біз тексеруіміз керек, – деді полиция.

– Аша алмамйын ұйықтап жатырмын, – деп қарсыласты. 

Адамның эмоциясынан сөзінен барлығын байқайтын полиция қызметкерлері, әлгі бейтаныс адамды итере үйге кірді. Екі бөлмелі үй екен. Кіре берісте ескі қирап тұрған үстел. Үстел үстінде кір ыдыстар. Арғы бөмеде бір жатын төсек пен шифонер тұр екен. Жатын төсекте дүмпиіп бірдене жатыр. Жүгіріп барып көрпені ашып қалсам, қорыққанынан ұйықтап жатқан інім екен. Жылағаннан көзі ісініп әрең ашылуда. Көзін ашып, мені көріп;

– Дана!!! – деп жылап жіберді.

Ініме қарап тұрып ойыма не келмеді. Бала жүре алмасын қашпасын деп, буыннан соққылаған. Қол-аяғын байлаған қиылған, көгерген іздер. Миым қорытып ойлана алмай тұр. Шетіме қарасам тегеш іші құсық суға толы. Әлгі тегешті бір тептім. Жанағы қылмыскер адамға қарасам маған қарап тұр екен. Қызметкерлер қылмыскерді жерге жықты дереу. Жатқан жерінен басынан теуіппін. «Нең кетті кішкентай балад? Неге менің інім керек болды? Не құның қалып еді сенің?», – деп айғайлап үйдегі бардан жоқ заттарды лақтырдым. Терезе жаққа барсам, ескі пышақ тұр екен. «Қазір мен сені өлтіремін! Маған бәрібір!», – деп оқталып келе жатқанымды полиция қызметкері қысып ұстап тоқтатып қалды. Інімде әл жоқ. Былқ-сылқ етіп отыр. 

– Айдар айтшы не істеді саған??

– Ұрды. Қолымды байлады. Үйге барам деп едім, басымнан ұрды. Пышақпен қорқытты «өлтіремін», – деп! Жаман су берді. Сосын білмемймін,- деп жауап берді.

– Ал енді жүрегім үлпілдеп, інімді қолыма алып, ренжімеші кешірші! Не болып кеттік өзі? Неге саған көрініп тұр бәрі!? Жүр үйге кеттік! Мама тосып отыр!, – десем, інім буынын ұстай алар емес. 

Машианаға салып алып дереу қабылдау бөліміне бардық. Қабылдауға алып кетті мектеп заучі, мектеп директоры және полиция майоры. Мен дәлізде отырмын. Бір кезде майор шықты. Анама қоңырау шалды.

– Тәте ауруханаға келіңіз! Баланыз табылды!, – деді.

– Аман ба? Не болды неге ауруханада?! Шын айтыңдаршы не болды?! – деп анам жылап тұрды.

– Келгенде көресіз!,- деп тұтқаны қоя салды майор.

Арада он минут өтті ме, өтпеді ме? Әкем-Анам, ағам келді. Мені көріп:

– Не болды тіріме? Тірі болса соны айтшы, – деді.

Ия тірі. Ана бөлмеге алып кетті, – деп мендеде әл жоқ. Қалың ойда отырмын. Бірақ не ойлап отырғанымды білмеймін. Мамам сол бөлмеге кіріп барып кірген жерден құлады. Артынан әкем кірді. жылап тұр. Ағам кіре алмай теріс қарап жылап тұр. Дәрігерлер анамның есін жинатып, баланы алып қалатынын қандай диагноз қойғадарын бәрін айтып түсіндіріп, бір адам қасында қалсын. Бала шошып қалған. Жақындары болсын деді. Қасында мен қалдым. Інім түні бойы шошынып, айғайлап жылап шықты. 

Ертеңінде өзі жатады, үйге қайтсандар болады деп мені шығарып жіберді. Үйге келсем, тым-тырыс. Ешкімде үн жоқ. Тамақ желінбеген. Әкем теріс қарап түнеріп, қиналып жатыр. Анам жылап жатыр. Бәрі жан-жақта қалың ойда. Тек ініме барып тамақ береміз. Қасында боламыз, қайтып келеміз болды. Бір ай уақыт солай өтті. Ініммен психологтар жақсы жұмыс істеді. Өткенді ұмытуға көмектесіп, жақсы ой ойлауға ұмтылдырды.

Осы жағдайдан соң анамыз өзін кіналі сезінді. Мен айтып едім көшейік, қалаға жақындайық деп. Сондай ойлармен өзін жей бастады. Әрине ана үшін баласының басына түскен әрбәр жағдай қасірет. Әкемнің қолдауының арқасында біз үшін анамыз да , інімде бәріне жеңіп шықты. Мүгедек інім биыл он төрт жасқа толды. Жүрмеді, сөйлемеді. Ата-анамның баптауында. Туа біткен сал ауруының емі жоқ екен.

Басынан сондай кинодағыдай жағдай өтен інім, сыныбының алды болды. Жоғары оқу орнына түсті. Достарына беделі бар, иманы бар жігіт болды. Қазіргі кезде әскер қызметін өтеуде. Ал біз болсақ, соншама қағазға сыйдыра алмаған, көп жағдайды жазып түсіре алмасамда, әр адамның басына берген қиыншылығы жетерлік. 

Ешбір адамның өмірі теп-тегіс, қиындықсыз бола қоймас. Бір үйде сегіз бала өсіп жетіліп. Әрқайсымыз өмірден өз орнымызды тауып. Жоғары оқу орнын бітіріп, тұрмыс құрып, үйленіп, балалы болып ата-анамызға тек қызығымызды көрсетудеміз. Өз басым балалық шағымыздан бастап, аяқ алғанға дейін өткен өмірімізді кинодағыдай деп ойлаймын өз басым. Әр қиындықтың артында, бір жақсылық болатыны хақ.