Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы
«Проза» номинациясы: Көк трактор
1,041
оқылды

Авторы: Нұр-Қожа

 

Жаз айы.

Аспан жерге түсіп тұр, яғни, күн ыссы. Жаз айы басталса болды үйдің жанына немесе қора-қопсының қасына ауылдың бір топ сиырлары келіп көлеңкелеп жатып алатын еді. Үйдің маңынан шамалы қашықтау жерде Есенболаттың баяғыдан келе жатқан көк тракторы мені көрдіңдерме дегендей төмпенің үстінде қақайып тұратын. Жыл сайын сол құрғыр көк тракторды Есенболат мың рет бұзып, мың рет құрастырып, үсті-басы қара май болып жүретін. Әнәу тракторды тұтатқанда мұржасынан қара түтіні бодақтап атқылағанда көшеде жүрген кішкентай балалар қорыққандарынан үйге кіріп кететін. Трактордың дауысы жер жарады. Өзі ескілеу трактор. Биылда Есенболат сол ескі тракторын оңдап, маторын ауыстырып, жаңасын салып малға азық жинау үшін шөп шабуға дайындықты бастап кетті. Тракторды сықитып оңдап болған соң жайдақ екі прицебін, пресстерін, шекаларын оңдап, орақтарын қайрап, келесі күні Есенболат ауылдың солтүстік жағындағы бұрынғы Мәмбеттің қыры болған жайлауға барып, шөбі шүйгін жерлерді қарап келді. Есенболат әрі-бері ойланып шөп шабудың өзі қиынға соғады деп, Есенболат қаладағы інісі Есенгелдіге хабарласып, хал-жағдайын сұрасып, шөп шабуға көмектесу үшін інісін ауылға шақыртты. Есенгелді ағасының сөзін жерге тастамай келесі күні ауылға жолға шығады. Есенгелді ауылға келгенше, Есенболат күндіз-түні шөп шабатын арбигаттарды қайтадан қарап, тыңайтқыштарын қатайтып шықты. Әне-міне дегенше қаладан ауылға Есенгелді де келіп қалды. Оны көрген Есенболат төс қағыстырып амандасып, төр көрсетіп үйге кіргізді.

– Ал Есенгелді қош келіп жатсың, тамақтан алып отыр. Қала жақ қалай, ағайын-туыс аманба? – деп жеңгесі сөз бастап қоя берді.

– Ааа, рақмет көп-көп, алып отырмын. Тамағыңыз өте дәмді болып шығыпты. Қаладағылар аман сау. Сіздерге сәлем айтып жатыр, – деп Есенгелді бір шыны-аяқ сүтті шәйді жұтып жіберді. Дастарқан басында кәмпиттің қағазын әрі бүктеп, бері бүктеп отырған Есенболат:

– Есенгелді модный киімдеріңді бүктеп-бүктеп, әнәу қарсы бөлмедегі шкафқа салып қой, әйтпесе сенің киіміңді көріп ауылдың келіншектері құлап қалып жүрер. Сосын жүргеніміз оларды тұрғыза алмай, – деп ішек-шілесі қатып, күліп қоя берді.

– Әй бәйбіше, үйдің төбесінде бір сандық бар, әнәу көк сандық ше? Сонда менің ескі киімдерім бар,соны мына Есенгелдіге бер. Ертең таңмен жұмысқа киіп барсын...

– Сол үйдің төбесіне мініп-түсудің өзі бір проблема. Сенің киімдерің Есенгелдіге шапан болып тұрар-ау шамасы.

– Бәйбіше, көп сөйлемей, таңға дейін киімдерді әзірлеп қой. Не далада жүрген Есенгелдіге малдар қарамаса, далада қарайтын қызда жоқ.

– Ой Алла, Есенболат сенде...

Таң сәрі.

Есенболат ала-таңнан тұрып алып, бәйбішесіне сиыр сауысып, қойларын өріске шығарып, тауықтарға жем-суын беріп, бәйбішесіне:

– Әй бәйбіше, шәйіңді әзірлей бер. Мен барып Есенгелдіні оятайын. Айтпақшы Есенгелдіге киімдерді шығардыңба?

– Иә, шығардым. Ана жылы сен іздеп жүрген ауыр етігің де сандықта жатыр екен.

– Ех, бәйбіше, сенің көк сандығыңда құдай білсін, не бар екенін... Есенгелдіні оятайын.

– Көк сандықта көп дүние бар, Есақа. Сендерге түскі тамақтарыңа не салайын.

– Өзің біл. Бақшадан көк пияз бен қияр салуды ұмытпа!

Кішкентай бөлмеде Есенгелді көрпенің астына бүркеніп алып ұйқының түбін түсіріп жатыр. Құлағына құлақ қапты салып алып, музыкасын қосып қойыпты. Есенболат:

– Есенгелді, тұр, таң болды, күн ысымай тұрып қырға жетіп алайық, шаруамыз шаш етектен. Жеңгең сарайда шәй әзірлеп күтіп отыр,тұр енді. Әйй, Есенгелді, саған айтам. Естіп тұрсыңба?

– Иә, иә, қазір тұрам, – деп есінеп, Есенгелді ұйқысынан тұрып, беті-қолын жуып, дастарқанға келіп отырды.

– Есенгелді, ұйқыны қысқарт. Ұйқы – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос, – деп Есенболат ас қайырып, дастарқаннан тұрып кетіп, көк трактордың қара түтінін шығарып тұтатып, бәйбішесі дайындап қойған қапшықтағы тамақтарды салып алып.

– Есенгелді, мен бара беремін қырға. Сен гараждағы қара уазды айдап келерсің. Айтпақшы, ұмытып бара жатырмын, кеше водовозшы меннен қырық төртінші македонный кілтті алып кеткен, келерде соны бірге алып кел. Әнәу піреске әйтпесе сенім жоқ тағыда сынып қалып жүрер.

– Жақсы ұмытып кетпесем, алып барармын. Бакке жағармайды құйып алдыңба?

– Артығымен жетеді. Жақсы ал, қырда жолығармыз, – деп трактордың есігін тарс жауып, көшенің қақ ортасымен дырылдатып өте берді. Қарсы көшенің шетінде тұрған бір топ еркектер «Ее, осының тракторы мықты, неше жыл болды, әлі күнге дейін сынбай келе жатыр, сынғанның өзіне де анадан алып, мынадан алып құрап алады» – деп күбір-күбір әңгіме айтып жатыр...

***

– Жеңге, мен кеттім далаға.

– Мұқият болыңдар, ұйықтап қалып жүрме елең-құлағаң етіп.

– Ой, жоқ а, ұйықтамаймынғой...

– Қыр басындағы қалың шөп кісі басының беліне келеді. Анау жерден бір айналып орақпен тіліп шықсаң, шамамен мың, екі мыңдай төк шығады-ау. Есенболат пен Есенгелді жұмысқа әбден кірісіп кеткен. Біраз жерді шауып тастапты. Құдайға шүкір, әлі ештеңелері сынбай шаруалары қызып жатыр. Күнде ыси бастады. Трактор айдап жүрген Есенболат тракторын өшіріп:

– Есенгелді, түскі ас ішіп алайық. Әйтпесе күнде ысып кетті. Трактордың ішінде ауа жоқ.

– О, жақсы болды, как раз қарным ашып отырған. Есенболат, алпыс валкы қойыппыз, он екі айналып өтіп шығыппыз. Қанша шығады екен.

– Иә, біраз айналыппын. Оны бір құдай біледі. Енді екі күн шабайық, содан соң көре жатармыз.

Екеуі түскі астарын ішіп алып, трактордың көлеңкесінде демалып отыр.

Есенгелді:

– Шамалы болса да ұйықтап алатын. Ұйқы келіп бара жатыр, әйтпесе.

– Мына жерге ұйықтай бер.

– Қуасыңба, бірдеңе келіп шағып алар.

– Ой, шіркін! Қаланың балдары-ай! Шағам десе былай келіп шағады. Ойпырмай, жандарының тәттісін-ай!

Алғашқы күндерде шөп шауып өндіріп алған Есенболаттың көңілі бір қалыпты. Енді бұл шөптерді престеп алудың өзі бір үлкен шаруа еді. Кешке таман күн ұясына батып бара жатыр. Есенболатпен Есенгелді көк тракторды далаға қалдырып кетіп, уазбен ауылға келді. Екеуін күтіп жүрген бәйбішесі:

– Қараңғыға қалып қойғандарың не?

– Жалқаудың ертеңі бітпес деп, барлық шаруаны бүгін тындырып келдік. Ертең Алла амандығын берсе престеуге шығамыз.

– Ааа, монша жағып қойдым, жуынып алыңдарда шайға келіңдер.

Есенболаттың жолдасы тапшанға дастарқан жайып қойыпты. Тапшанның қасындағы жарық көзіне көбелек пен пытықана шыр айналып жүр. Жеңгесі шоқ самаурынын әкеліп қоя бергені сол еді, ауланың есігін тарсылдатып біреу қағып тұр. Моншадан шығып келе жатқан Есенболатты көрген жолдасы:

– Есенболат, біреу келіп тұр, қақпаны тарсылдатып, ауланың есігін ашшы, кім екен?

– Қазір. Кешқұрым уақытта кім екен, шынымен келіп жүрген, – деп ауланың есігін ашады. Қараса, ауылдың бір топ жастары екен.

– Ассалаумағалейкум, Есенболат аға. Қаліңіз қалай?

– Уағалейкумәссәләм. Алла деп, шүкір. Жәй жүрсіңдерме?

– Аға, сізді шөп шабуға шығып кетті деп естіп едік.

– А, иә, бүгін шығып едім. Не шөп аласыңдарма? 

– Жоқ, шөп алғанда, бізге жұмыс барма екен деп келіп едік.

– Ммм, әрине жұмыс бар. Ертең шөпті престеуге шығамыз. Валкы түзеуге, престің артына жүріп тұруға кісі керек.

– Аға, онда біз барайықшы.

– Нешеуің барасыңдар?

– Осы тұрған алты жігіт.

– Жақсы онда, таңғы сағат бес жарымда біздің Ғайнеден ағаларының үйінің алдында тұрыңдар. Есенгелді ағаларың алып кетеді өзі. Тамақ ештеңе алып шықпаңдар.

– Жақсы, аға, рақмет көп-көп.

– Есенболат, кім келген?

– Ауылдың балаларығой, жұмыс сұрап келген. Қазіргі жастар керемет ыссы судай бұрқылдап қайнап тұр.

– Айтпа, осы бастан жастар еңбектенсе, онда... 

– Әй, бәйбіше, Есенгелді қайда?

– Шаршап келдім деп ұйықтап жатырған.

– Ммм, анау пай-пай ма, вайпайма не өзі, соны қазір айырып таста. Әйпесе түнімен соткасын шұқып таңмен жұмысқа тұрмайды.

– Айырып қоярмын. Ұмытып кетпесем. Сені сыртқа салайынба тапшанға?

– Иә, тапшанға жатамын. Сарайда төрт термос тұр соған таңмен ыссылай қара шай құйып қоярсың. Тамақты да молынан саларсың, ертең маңызды жұмыстар күтіп тұр далада.

– Жақсы, ертең даладан келе жатқанда Сағынтай қарттың қырына соғып күбіні алып келіңдерші, қолдарың бос болса.

– Қайдағы күбі. Өзіміздікі қайда?

– Есенболат, сен ана жылы Сағынтай қарттың немересінің тойына қымыз ашытуға керек деп өзің берген жоқсыңба? Содан үптіміллә әкеліп берген жоқ. Бар болса шүкір сол күбі. Апымнан қалған жалғыз дүнием еді.

– Мәә, иә, ол есімнен шығып кетіпті. Күбі демекші, Сағынтай оны әкеліп еді. Содан соң әнәу күні қалаға кеттіңғой ет сатуға қара қашарды сойып. Сол Мүнира құрдасың сұрап алып еді, шамалы бием бар еді соған бере тұршы деп. Кейін Бәбішеңе әкеліп берем деп еді. Әкелген жоқпа не?

– Ой, Алла, Есенболат қызықсың-ай сен. Мүнираның өзінен барып қуып жүріп алмасаң өздігінен әкелгенін қашан көрдің оның...

– Жә, өзің барып аларсың. Менің ертең қолым тимейді, далаға шығуымыз керек. Бажаны шақыр ертең. Шөп қораны дайындап қойсын, пірестеген шөптерді прицепке тиіп ауылға әкеле береміз. Он бес адам шөп алам деді...

Таң. Шығыстан күн енді-енді шашағын жайып келе жатыр. Есенболат еп-ерте тұрып алып, Есенгелдіні оятып бәйбішесі әзірлеген таңғы тамағын ішіп алып, көк тракторды тұтатып қырға кете берді.

– Жеңге, термостерді машинаға сала беріңіз. Мен арқан мен коток жіптерді алып шығайын.

– Иә бар, тездет, күн ысымай тұрып өндіріп алыңдар. Сосын кеше балалар келіп кетіп еді ағаңа ауылдың балдарығой. Соны Ғайнеденнің үйінің қасынан алып кет. Ғайнеденге кіріп шық үлкен жеңгең салқындай көже беріп жіберем деген сендерге соны алып кет далаға.

– Жақсы онда кеште көріскенше, – деп қара уазбен бұрылдатып Ғайнеденнің қақпасына келіп машинасын тіреп қойып, Ғайнеденнің ауласына кіреді.

Қора жақтан қолына екі шелекпен сүт алып келе жатқан үлкен жеңгесі:

– Есентөк, амансыңба, қош келдің?!

– Аманбыз, шүкірміз, жеңге.Ағамыз көрінбейдіғой, қораға қамап қойған жоқсызба?

– Әй, Есентөк, үндеме. Ағаң үйде жатырғой кеше тойып алып, әлек салды.

– Ааа, бәсе дүкендерге барсам арақта жоқ, шарап та жоқ, содан неге жоқ десем ағамыз алып кеткен болып тұр барлығын.

– Өй, Есентөк әзілің бітпейді сенің. Сылқиып жатыр ағаң кеше айтқам бүгін қайын ағаға барып көмектесіңіз деп. Үн жоқ. Мүнираның үйіне барып, тойып ішіп мас болып келіп отырғой.

– Ай, жеңге, қатырасыз.

– Қой, көкем, көп сөйлемей, анау құдықта екі кәтәлөк көже бар, соны алда жұмысыңа бар.

– Ой, жеңге, бармаймын құдыққа.

– Ей, неге бармайсың? Көже керек емеспе?

– Керекқой ана жерде ит жатырғой, жеңге.

– Қоян жүрек. Иттен қорқып. Қазір мен алып қайтайын.

Есенгелді аула сыртына шығып әлгі жұмыскер ауыл балаларын күтіп отырды. Бір кезде келесі көшенің бұрышынан ауылдың балалы жүгіріп келіп, Есенгелдіге амандасып машинаға отырды. Аула ішінен үлкен жеңгесі:

– Әй, Есентөк алып кет мына көжеңді, – деп айқайлады.

– Қазір, жеңге, бара жатырмын, – деп көжені алып, машинаға отырып, көшенің қақ ортасымен зуылдап далаға бет алды.

Шабындықтың басындағы көк трактордың қасына келіп тоқтады. Есенболат трактормен алысып жатыр. 

– Есенболат, кешегі жігіттеріңді алып келдім. Тездетіп жұмысты бастап кетейік. Кешке дейін үлгерейік.

– Ал, жігіттер, шабындыққа қош келдіңдер. Бастасақ, бастайық. Есенгелді сен мына тракторға отырып, мына басынан пірестей бер. Мен ана жақтан бастаймын қазір, Кенжетай құрдастың тракторы келеді пресімен.

– Онда тіпті жақсы. Жігіттерді үшке бөліп алайық... – деді де, жұмысқа кірісіп кетті.

***

Есенболат пен Есенгелді шабындықты түгел шауып ауыл арасына шөп сатуды бастап кетті. Көк трактор өз еңбегін ақтап жатыр. Тіптен артығымен ақтады. Өйстіп жүріп, сабан тойын жасап арқа-жарқа болды. «Көк трактор аман болса әлі жеті-сегіз қыстың азығын жинауға болады. Ең бастысы, техникаларымыз сынбасын. Техника сынсада соны жөндейтін мамандар ауырмасын» деп тостағандағы сусынын жұтып қоя берді.