Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған "Ұлы дала" республикалық шығармашылық байқауы
«Балаларға арналған шығарма» номинацисы: Еңбек етсең...
701
оқылды

Авторы: Жан. Ар

 

Еленсін десең еңбегің, халқым егер

Тоқтама, алға қарай талпына бер.

Ел үшін, жер үшін деп қызмет қыл,

Қызықсын «Қазақ» деген даңқыңа ел!

 

Білім ізден, талпынғын, талаптанғын

Шуақ шашар сол кезде әр ақ таңың!

Адал жолмен ас ішіп, жүріп-тұрсаң,

Жар болар саған өзі-ақ Жаратқаның!

 

Мүмкіндік көп, қазір, мына ғаламда

Жақсылық қыл әр күн сайын адамға.

Гүлденуіне үлес қосқын қоғамның,

Өзгерді деп кінә артпай заманға...

 

Өнер үйрен, телефонға үңілме,

Есеп бергін «не бітірдің» бүгінге?

Жақсылық қыл әр адамға есепсіз,

Қайтарымы болмадыма, түңілме!

 

Бәрі дайын, мына бейбіт заманда,

Жақсылық жаса, үміт сыйла адамға.

Дым келмейді, деме менің қолымнан

Үлес қосқын дамуының қоғамға!

 

Бір әңгіме оралады санама,

Қысқа ғана жырлайын

Үлгі болсын кейінгі жас балаға,

Ақ – қарасын өзің байқап, сарала.

Баяғы бір белгісіз өткен ғасырда,

Сана, Сезім туылыпты,

Ана деген асылдан!

 

Бір уақытта сиғанмен құрсағына ананың

Түсінбепті анасы, мінездерін баланың

Кішкентайдан Сана еңбексүйгіш, ақылды

Ал Сезімі жалқаулау, қырсықтаума шамалы...

 

Бір уақытта ананың ақ сүттерін емгенмен,

Бір уақытта әкеден бірдей тәрбие көргенмен

Сана деген алғыр бала, талапшыл

Ал Сезімге не істеседе, не қылсада жөнелмен...

 

Сана асып күннен күнге, ойы әбден толыпты,

Еңбек етіп, қызмет жасап қолғанатта болыпты.

Ал Сезімнің жетекшісі жалқаулық,

Жата-жата ойсыз болып, қозғала алмай толыпты...

 

Сана күнде алға қарай мақсатпенен жүріпті,

Таң ұйқыдан мақсатпенен, күш алыпты, тұрыпты,

Сезім болса күннен-күнге жетегінде қиялдың,

Ызаланып, көрпесіне басын төмен бұғыпты!

 

Көре алмайды әрбір ісін атқаратын Сананың,

Тыңдамайды ақылын, айтып тұрған ананың

Мақтан сүйгіш болыпты, дейді екен сонда да,

Бәрінен де мен керемет, мен ақылды баламын...

 

Қара жұмыс істей берсін Сана, ертең-ақ ол қалады,

Мен басқарам бар әлемді, қала менен даланы.

Депті Сезім дым саспастан, мақтанып

-Әттең деді ана шіркін, жасқа толып жанары!

 

Бірақ Сезім өзгермеді, сол баяғы қалпында

Сана болса тынымсыз қызмет қылды халқына.

Әр күн сайын алғысын арқалайды елінің,

Таңдай қағып бар әлем таң қалыпты даңқыны!

 

Алғысымен елінің алға жылжып өсіпті,

Талай сансыз сұрақты, қиналмастан шешіпті.

Қызғаныштан Сезімде арыла алмай бұл күнде,

Белгісіз бір аймаққа жалғыз өзі көшіпті...

 

Бұдан шығар түйінді міне былай ұғыңдар:

Еңбекпенен биікке әрқашанда шығыңдар.

Бос қиялға ермеңдер, қызғана да бермеңдер,

Жалқаулықтың туын тез төмен қарай жығыңдар!

 

Еңбектенген еш қашан жерде қалмас белгілі,

Еңбек деген адамның елге жасаған ерлігі

Оқы, ізден, талаптан және тағы еңбектен

Бағалайды әрқашан Қазақ деген ел мұны!