Авторы: Тәтті қыз
Мамыражай мамырдың гүлі жапыраққа оранған кезі еді. Күн қызған сайын өткір нұрын мейірлене сімірген жусан мен әртүрлі гүл-шөптің жағымды лебі есіп, көңіліңді бірден желпіндіре түсетін. Бүгін де күн шайдай ашық. Есіктің алдында бір топ бала жиналып, Ұстаз болып ойнап жүрміз. Сол топтың ішіндегі жасы үлкендері мұғалім болып, ал қалғанымыз оқушылары болдық. Мен өте ерке едім. Міне, бүгін тағы да еркелеп өз дегеніме жеткім келіп қасымдағы баланың қаламына көзім түсіп таласа кеттім. Мүмкін ол менің жазушы болуыма керек қару қалам екенін таныған шығармын. Бірақ менің қисынсыз қылығымды жаратпаған әпкем жаныма келіп:
– Ол сенің қаламың емес қой, бер өзіне. Әкем саған да жаңасын алып береді, – деді. Мен тіпті де қасарысып айтқанына көнбедім, жоқ деп кенедей жабыстым. Ырқына көнбеген соң, әпкем де қолымдағы қаламды жұлып алып, көз жасы ағыл-тегіл болып жылап жатқан балаға ұстатты. Сол-ақ екен, әпкеме зығырданым қайнап:
– Сен маған неге болыспайсың, әпкем емессің, – деп долдана жерден бір тасты ала салып, лақтырып жібергенде, бағдарсыз кеткен тас әпкемінің құлақ шекесіне тиіп, қан бұрқ етті де, талып түсті. Мылтықтың оғынан шошынған торғайдай өзге балалар да үрке қашып, жан-жаққа бытырап жоқ болды. Анам қолындағы жұмысын тастай сала:
– Мына қызды өлтірді-ау, өлтірді-ау, – деп ойбай салып келеді. Мен анамның бақырған дауысын ести сала, зәрем зәр түбіне жетіп қаша жөнелдім де, қақпаның сыртындағы қаумалаған ну ормандай біте қайнаса өскен қалақайдың артқы жағына барып тығыла қалдым. Анамның дауысы құлағыма анық жетіп жатыр:
– Орайтын дәке, мақта әкел, – деп жарақатқа қажетті заттарды ағама үйден алдырып жатыр. Менде өз істеген қателігімнен қорқып «Болды, бітті. Анам осыдан әпкеме бірдеңе болсын, мені өлтіреді. Үйге қайтып оралмаспын. Әй, бірақ қарным ашса, не істеймін? Одан да анам қазір әпкеммен айналып отырғанда, мен үйден жейтін зат әкеліп алайын» деп аяғымды мысық көрген тышқандай аңдып басып, үйге зып етіп тығылып кірдім де. Ас үйдегі үстелдің үстіндегі туралған нанды тездікпен сүйір саусақтарыммен жұлып алып, есікке қарай беттегенім сол еді, қолында таяғы бар анам да үйге кіруге сәл-ақ қалыпты. Менде жалма-жан ас үйдің жанындағы көкөніс сақтайтын жертөлеге түстім де кеттім. Анам:
– Әлгі қыз қайда кетті, әй? Жаңа ғана осында көрген сияқты едім, – деп әрлі-берлі жүріп мені таппаған соң, – Жә, онымен кешке қарай сөйлесермін, – деді де, әпкемді алып емханаға кетті. Мені бұл жолы таяқтан осылайша, көкөніс сақтайтын ұра құтқарып қалды. Мен өз-өзіме риза болып, ас бөлмесінен жақсылап қарнымды тойдырып алдым да, есік жаққа беттедім, есік құлыптаулы бірақ мен ол кедергіге де тосылғам жоқ, терезеден ары қарай секіріп шығып, күннің ыстығынада қарамастан, көшедегі балалармен ойнап жүре бердім. Күн еңкейе бастады. Балалар бірінен соң бірі үйлеріне қайтып жатыр. Балалардың бәрін жолға салып, соңында мен де тым болмаса үйдің жанына барып отырайын деп үйге келсем, есік әлі құлыптаулы екен. Не істерімді білмей жерге отыра кетіп, өзімше ойға кеттім:
«Болды енді, осыдан анам маған ұрыспай, жәй қояр болса, мен енді бұндай жаман әдетімді қайталамаймын деп өз-өзіме серт бердім. Бірақ бұл сертті бергенім бірінші рет емес-ті. Осыдан бір ай бұрын үйімізге қонақ көптеп келген еді. Анам дастарханды тәтті тағамдарға толтырып, келген қонақтармен әбігерленіп жүргенде, мен қонақ бөлмесіне кіріп, тәтті бәліштерді қолыма іліп алып, қомағайлана асап жатқанымда анамның қырағы көзі көріп қойып, үйден шығарып алды да:
– Қазір қонақ жейді, қонақ кеткенсоң бәрі сенікі болады, – деді. Мен оған көнбей, бар дауысыммен бақыра жөнелдім. Келген қонақтар да:
– Бала ғой, ұрыспа, мейлі, жүре берсін. Жесін, қанша жейді дейсің, – деп бәрі мені жақтады. Түр әлпеті аққұбаша келген жүзі жылы бір тәте өзінің жанына отырғызып алды. Анам ұялғаннан нарттай болып қызарып кетті. Мен тәтеге иек сүйеп алдым да, алдына жайланып отырып, үстелдегі тәттілерден қолым жетпегенін алдырып жеп, былғанып кеткен қолдарыммен тәтенің көйлегін қайта-қайта ұстап қоямын. Анама көзімнің қиығын салып қарасам, «қонақ кетсін, содансоң көресіңді көрсетейін» дегендей маған қадала қарап, қабағын шытып отыр. Мен көңіл-күйімді түсіргім келмеді ме, анам жаққа қарамай қойдым. Бір уақытта абайсызда қолым бір литрлік аузы ашық қалған сусынды қағып қалып, үстел үстін аймандай қылдым. Алдына алып отырған тәте де менен мезі болып кетті ме, білмеймін:
– Тойдың ба? Бара ғой, енді. Балалармен бірге ойнай ғой, – деп жібере салды. Отырайын десем де, ине шаншар жер жоқ, амалсыз үстел басымен қоштасып, қонақтардың артынан қысылысып жүріп әрең өтіп, сыртқа шыққаным сол еді, бағанадан аңдып отырған анам бас салып, білектен ұстап:
– Ұсталдың ба, бәлем, бақырғаныңды көрейін?! – деп барымталап әкеткен баладай қып, аузымды басты да, ас бөлмесіне апарып, арқадан бір салып жатқызып қойды. Мен тоқтаусыз жыладым, бірақ жұбатқан ешкім жоқ. Содан соң ойладым: -Мені үйдегілер жақсы көрмейді. Мүмкін, өтірік өліп қалсам, ұрысқандарына өкініп жылайтын шығар деп, кинодан көргенім бойынша тілімді бір жағына салақтата қисайтып, көзімді жұмып, сұлап жатып қалдым.
Қонақтар да қайтты. Анам әрлі-берлі қасымнан өтіп жүр. Бәрін сезіп жатырмын. Әкем, ағам, әпкелерім де бар. Бірақ мені жұбатып ешкім келмеді. Қонақтарды шығарып салып, артынан жайланып отырып, өздері шәй ішті. Мен сонда қатты өкініп, енді жаман әдетімді қайталамаймын деп, серт беріп, олардың ортасына барып қосылдым. Сол берген сертім тағы жайына қалды» бүгінгі істеген қылығым мынау.
– Болды, бүгінгі берген сертім серт, ұрса да, соқса да анам келсе болушы еді, мен қатты қорқып отырмын, қас қарайып кетті ғой дегенше, көшенің шаңын бұрқ еткізіп бір көлік қақпаның алдына келіп тоқтады. Мен үйдің бұрышына тығыла қалдым. Анам мен әкем әпкемді алып келе жатыр екен. Әкемнің өңінде ешқандай кірбіңдік жоқ, ашуланған сыңайда блінбейді. Үнемі сотқарлық қылғанда құтқарып қалатын әкем ғой. Жүгіріп барып әкеме жармастым. Анам шоқты жанарымен жалт бұрылып, ашулы кескінмен:
– Ой, иттің қызы, әпкеңді өлтіріп қоя жаздадың ғой,құлақ деген жанды жер керең болып қалса қайтесің, – деп маған төніп келеді. Мен әкемді қалқан етіп, арт жағына жасырына ығыстым. Әкем сондай сабырлы жан еді жай ғана:
– Бүлініп кеткен ештеңе жоқ, бұл әлі кішкене, қоя сал болды! Мектепке барған соң әлі-ақ ақылды болып кетеді, – деп анамды ызаға тіптен булықтырғандай болып менің қызым ақылды ғой ия,бұдан кейін ерсі қылықтардан аулақ болады деп бетімнен шолып еткізіп сүйіп қойды.
– Анам,тіптен өршіп жарығына шығып әбден жаман үйреттің, – деп ұрсып бастағанда, қорадағы қоңыр бұзауым мөңіреп, анамның сөзін бөліп кетті.
– Ойбай, сиыр қайда? Өзі келуші еді табыннан , бұзау аш қалды ғой. Не су, не шөп берілмеді, – деп бар назары қара ала сиыр болды. Ал енді, бәріміз жабыла жан-жақтан сиыр іздеуге кірістік. Көрші-қолаңнан сұрастырыдық, көрген адам жоқ, ұры әкетті ме? жоқ біреудің шарбағына кіріп кетіп шыға алмай тұр ма екен? – деп тұспалдап отырғанда, жаздық үйден бір жойқын дауыс тарс етіп естілді. Жаздық үй өзіміз отырған үйден ауаша да еді соның өзінде анық естілді. Содан жоғалды деп отырған сиыр да жайында қалды:
– Ойбай, үйге ұры түсіпті, – деген тақырыпқа көштік. Бәріміз селт ете қалдық. Анам полиция келгенше ұры қашып кетпесін деп көршілерді көмекке шақырды.Абыр-сабыр болдықта кетік.Бәрі жиылып, үйдің есігін ашып, сырт жағындағы аяқ шешерден ары кіруге батпай:
– Кім болсаң да, шық бері, полицияға хабарламай тұрғанда, – деп ұрыны дауыстармен ақ қорқытып шығара салатындай құр айғаймен: Бір сыпыра уақыт өттізді. Әудем уақыттан кейін дүрсіл басылды.
– Ұры қашып кеткен-ау, не болса да кіріп көрейік,– деп аңдып басып, есікке жақындап келіп. Құрсауы босап, асты жер тіреген ағаш есікті «сен аш та, мен аш» деп босағадан ары аса алмай тұрды да, бәріміз есіктен тең кірейік деп, есікті жұлып алардай тартқылап кейін қайырды да, анталап кіріп барып, қыран-топан күлкінің астында қалды. Қара ала сиыр іште шкафтың бетіндегі әйнекті шағып, шкафта не бар соны шағылған әйнекпен қоса жеп, жағы бір талмай күйсеп тұр екен. Бәрі бір күлісіп алды да, үйден шығарды. Бір орында тұра берген қара ала сиырдың іші кеуіп кетіпті. Қимылдап әрең жүріп, есіктен шыққаны сол еді, гүрс етіп жығылып, қайтып орнынан тұра алмады. Сол күні таңертең анам сиырды сауып болған соң маған:
– Әй, ана сиырды шарбақтан шығара сал, – деген. Бір қарағанда орнында тұрған сиыр «иә» деп үйден шыққанша, қайда кеткені белгісіз, жоқ боп кеткен еді. Содан ойынға айналып кетіп, бүгінгі ана жағдайдан кейін үй-ішіміз абыр-сабыр болып, естері шығып жүріп, үйде не барын байқамай, бар есіктердің сыртынан құлыптапты,тіпті үйде қалған мені де байқамай сыртымнан есікті құлыптап әпкемнің құлағын докторға қаратуға алып кетті емес пе,мен өзімнің тапқырлығымнан шығар жол іздеп терезеден секірп түстім,ал сиыр ше? Ол байғұс тойғанына мәз.Ал енді кешке үйге оралғандағы оқиға осы болды. Қайран, бір ауылды сүтімен қамдап отырған қара ала сиыр, ішкен-жегенін қорыта алмай, үш күн, үш түн жатып өлуге айналды, ақыры арам өлмесін деп адал пышаққа іліндірді. Байғұс қара ала сиырдың ішектері ұсақ әйнек үгіндісіне толып, тесіліп кеткен екен. Бұзауы мөңіреп, енесін іздеген сайын анам қара ала сиырын еске алып маған «осының бәрі сенің кесірің, бұзау қалды обал-ай.» деп сөйлеп кеткенде. Әкем мені жақтап:
– Қойсаңшы болды. Қара басты адам аман қалды. Қалған бар бәле-жала қара ала сиырмен кетсін, – деп маған қарап жымиып қойятын. Мен әкемнің аузынан шыққан жағымды сөзге сүйсініп,масаттанып кететінмін .Эх, қайран сол күнәсіз балалық кездер-ай...
***
Біздің отбасымызда жеті жан иесі бар. Әжем, ата-анам, екі әпкем, ағам және мен. Мен үйдің сүт кенжесімін.Сүт кенжесі болған да қалай алдыңғы үшеуі әбден өсіп қалғанда мен тулыппын сол үшін де менің аяғымды жерге тигізбей көкке көтеріп бағыпты.Осылайша бір өзім бір төбе болдым да,тек анамның анда-санда көп еркелесе кейін өзіне зиян болар деген так тагі болмаса дегенімді орындататын қыз едім. Әжем есімде қалуынша кең көйлегі жалпылдап, ақ шылауышы желбіреп, бәрін ойлы көзімен шолып қарайтын дана, кең пейілді, жасы егде тартса да кәрілікке дес бермейтін кісі еді. Әкем оқымысты, олай дейтінім, бос уақытын жібермей кітап оқитын. Тіпті түнде де бәріміз ұйықтап қалған уақытта фонарьикті жағып ап, көзін сығарайта кітапқа телміріп отыратын әдеті бар-ды. Бұл қылығы анамама жақпайтын:
– Жоғарғы оқу орнына емтихан тапсыратындай болып жүресің. Күндіз оқысаң да жетеді ғой, – дейтін. Бірақ ауру кетсе де әдет кетпейді екен. Әлі күнге дейін солай. Бір өкініші де сол – жоғары білім ала алмағаны... Университетке түскенде атам(әкесі) қайтыс болып кеткен соң ары қарай оқуын жалғастыра алмапты. Сол үшін де «өзім оқи алмасам да, балаларымды оқытамын» деп бәрімізді уәдесі бойынша оқытып шықты. Ал анам қолөнермен айналысатын. Кесте, құрақ, тоқыма сықылды өнерлерімен-ақ аз болса да кіріс кіргізетін. Мінезі шапшаң, ашуланса бұрқ етіп шаңы шығып, бір демде су сепкендей басылатын. Ал мен алдыңғы толқын аға-әпкелеріме қарағанда мүлде бөлекше өстім себебі : Аға әпкелерімнен талғамым да, қызығушылығым болсын олармен сәйкес келмейтін, Олар жаратылыс пәндерін сүйіп оқитын алдарына жан салмайтын. Ал мен керісінше көркемөнерге би, ән, күй, жазып сызғанға бейім болдым. Бұндай өнер жағы нағашыларымнан дарыған ба депте ойлаймын, нағашыларымның өздері бір ансамбль еді. Сондықтан нағашы жағыма барсам да мені «өзімізге тартқан» деп өздеріне жақын тұтушы еді.Екі ортада осылай ерке өстім.
Ес біліп оқуға кіргелі бері математика, әйтеуір есеп-қисапқа қатысты миды қозғайтын пәндер мені өзіне қызықтырмайтын. Ал әпкелерім маған үйретумен болып, босқа шаршайтын.
Математика пәнінен беретін Жанар апайда сабағына жоқ болғансоң мені ұнатпай ма жоқ мен тынымсыз бірдеңелерді бүлдіріп жүргенсоң үнамаймын ба білмеймін. Бір қырсығы сынып жетекшіміз де сол Жанар апай еді.
Бір күні Жанар апайдың сабағынан қатты кешігіп,қатты ұрыс естідім кешігуімнің де өзіндік себебі бар еді.
Сол күні таңертең тау төбесінен таң да құлан иектеніп қылаң беріп келеді екен, Мен де орнымнан тұрып мектепке қарай асықтым. Кешегі шелектеп құйған жаңбыр толастағанмен, түтілген шудадай шұбатылған сұрғылт бұлт аспанды торлап, күнді бүркемелеп тұрған. Тау басындағы жатқан қардан жағымсыз ызғырық есіп,гуілдеген жел өне бойымызды аралап мазамызды әбден кетіріп тұр.Мектепке апарар жалғыз аяқ жол құрғақшылықта шаңы бұрқырап, аспанға шауады, ал жаңбыр жауа қалса, лай батпақ болып, аяқ киіміңді тартып алып қалуға тырысатынды. Қайта кешегі жаңбыр ерте толастағанының арқасында суы сіңген киіздей теп-тегіс болып қалған. Жолда мен және күнделікті тіршіліктің күйбеңімен алмаларын арбасына тиеп, зорға итеріп, менен арқан бойы алыста алма сатушы апай да кетіп бара жатқан. Бір мезетте тұтқиылдан қазіргі заманның сәні ретінде алба-жұлба киінген екі соқталдай жігіт бір мотоциклге мінгесіп, менің жанымнан зу етіп, түтінін бұрқырата өте шықты. Алда келе жатқан алма сатушы апайдың да тынышын алып, сигналды өлгенше барылдата беріп кетіп барады. Апай жалғыз аяқ жолда қалай жол берерін білмей , бірде былай, бірде алай жүріп, қисынын таппай абдырап сасып қалды.
Даланың тойымы жоқ қасқырындай екеуі екі жақтан келіп: "Сигналды естімедің бе? Құлақ бар ма өзіңде?" - деп анасындай адамға әкіреңдей бастады. " Балаларым-ау, өзі тар жол... Мен сендерге қалай жол берем? Көріп тұрсыңдар ғой,міне, үлкен жолға да аз қалдым. Екеуің итерісіп, шығарысып жіберсеңдерші. Өркендерің өссін," - деп жалынышты бейнемен қарап жапақтап кетті.
"Па, шіркіннің дәмесін қарай гөр! Бізге күні бойы базарда тұратын бір бейбақтың бұйрық беріп тұрғанын қарашы. Бос мылжыңға уақыт кетіріп тұрған біз де ақымақ. Жүр кеттік!" - деп арбаны қисайтып, итере салды да, мотоциклге қайта мініп өте шықты. Апай да үнсіз. Долданған теңізге желкен қайық не істей алсын?! Арбадағы қып-қызыл алмаларды сату емес, жеудің өзіне қимайсың-ау, тәйірі. Бәрі де апайдың өзі мың бір жапамен баптап өсірген жеміс ағашының алмалары еді. Екі соқталдай жігіттің соққысы аз болғандай, мектепке бара жатқан тентек балалар да көздің жауын алып шашылып жатқан алманы ала қашып, мәз болысты. "Әй, балалар, олай істемеңдер," - деп дауысы қарлыға шыққан апай бір жағынан алмасын теріп, бір жағынан көзіне үйірілген гүлдің қауызындағы таңғы шықтай мөлтілдеген жасын жеңінің ұшымен сүртіп жатты.
Менде аяғым аяғыма тимей жетіп бардымда алма сатушы апайға жәрдемдесіп алмаларын қайта тиеп арбасының бір жағынан демеп сүйреп келем.Арбаның ұстайтын тұтқасы тастай суық шыдамағанда шапанымның жеңін тартып жеңмен ұстаймын, біресе қайта-қайта қолымды алмастырамын.Ал Алма сатушы апай бұның бәріне көніп кеткендей домығып қызырып жарылып кеткен қолын бір ауыстырып мазасы кеткен жоқ. Жол бойы ол кісіде , менде үнсізбін тек көз жанарынан арпалысқан әлемнің әлегінен даңғазада мазасыз тіршілік соқпағынан қажығандығы, шаршағандығы білініп тұр.Алайда бұл өмірғой алдында қандай кезең дүп келседе көнбеске амал жоқ.
Осылай үнсіздікпен мектепке де жетіп қойған екенмін,еріксіз апайға қош айтыстым,сабақханаға келгенім сол еді.Жанар апай сабақ жүргізіп жатыр екен,кешігіп келген мені көріп жын көргендей қайта артыңа бұрылда шығып кет деді.Апай деп түсіндіруге тырыстым ,аузымды аштырмай ашулы кескінмен оқты жанарын ата қарап шығып кет деймін мен саған деді.
Мен шығып кетуіме тура келді.Артыма бұрылдымда каридордан шығып мектеп ауласындағы сементтен құйған тастай суық орындыққа барып жайғастым. Дегенмен ойымда сабаққа қатыса алмадым –ау деген уайым жоқ бірақ қиял құшағынан босамадым.Тәңертеңгі алма сатушы апайға көргенсіздік көрсеткен соқталдай екі азаматтың сөлекет әрекеті көкірек қойнауымнан терең орын алғаны соншалық осының бәрін әңгіме етіп жазғым келді . Бірақ екінші сынып оқитынмын ,мақала,әңгіме жазуды үйретпеген. Деседе бүгінгі көрген білгенімді айнытпай қағаз бетіне түсіріп шықтым. Сол тұста кітапханаға жауапты апай жолда кетіп бара жатыр екен .
– Қызым-ау суық күнде суық орындықта отырғаның не? Сабақ қайда сен қайда деп айғай салды.
– Бұл апай сондай мейірімді жанымызға жақын тұтатын жандардың бірі еді.Ол кісіні көріп қуанып кеттім.Менде сол кезеңде жазған әңгімемнің соңғы нүктесін қойған едім . Бар мақсатым әңгімені апайға көрсету болды.
– Апай,күте тұрыңызшы бірдеңе көрсетейін деп едім дедімда апайға имай шимайы шыққан парақты көтеріп жүгірген бойы қасына жетіп бардым .
– Апай,сабақ сыныпта жүріліп жатыр , кешігіп қалып едім математика пәнінен беретін Жанар апай кіргізбеді.Оның себебін қазыр түсінетін боласыз. Мен әңгіме жазып шықтым көріп беріңізші дедім .
– Ааа сенбе қызым ! әңгіме жазаласың ба ?
– Иә,бүгін шынайы өмірден көрген оқиғаны ғана суреттеп жаздым бірақ қалай болғаны өзімеде қараңғы . Сіз көріп қандай болғанын айтсаңыз дедім.
Жарайсың кәне оқи ғой мен тыңдайын деп қанша асығыс болса да меселдемді қайтарғысы келмеді.
Мен оқи бастадым апай сезімтал жүрегі бұлқына соғып толқи тыңдап мені құшағына алып қайта-қайта қысып қойды.Әңгімеде оқылып бітті,апайда ауыздан шығаруға асық болып тұрған сөзін бастады.
– Айналайын қызым сен кейін біріншіден сабақханаға кіргізбей қойған Жанар апайыңа рахмет айтатын боласың оның істегені дұрыс болған . Осы бағытыңнан тайма шырақ,бұл сенің болашаққа жол бастаған қадамың, қаламың қарымды болсын ізден,талпын,оқы биктерден көрін деді де ең алғашқы қалам ақың деп қолыма бүктетілген бір қанша қағаз ақшаны ұстатты.Осылайша менің ең алғашқы шығармам «Алма сатушы апай» тақырыбында қағаз бетіне түсті .Мен қолыма бүктелген қағаз ақшалар мен жазған шимайымды көтеріп алып қуанышымда шек жоқ сныпқа қарай беттедім.
Сыныпқа келсем Жанар апай тексерілген үй тапсырма дәптерімізді бірден тізіммен тарқатып жатыр екен. Өтірік шығара салғаным есіме түсіп бетім ду етті.Көп күттірмей менің де атым аталды.
– Не шығарғансың имай-шимай, және кешігіп келесің кіргізбеймін дедім ғой сені,неге келдің тағы,осы мектептің концерті сенсіз тоқтап қалатындай бір іс шара өткізе қалса болды секеңдеп билеп, аңырап ән салып жүресің, бүйтсең сабақты кім оқиды, сабаққа қатыссыз бірдеңелерге желп етіп жүрсің, математика негізгі пән, ғылымдардың атасы,кейін кім боласың осы бастан арман болу керек қой адам да?! – деді. Мен тырнақтарымды шұқылап, аз кідірдім де, қолымдағы жазған дүниеме риза болып іркілместен «жазушы болам» дедім. Міне жазғаным бар, бүгін көзбен көрген оқиға шын айтам апай,оқысаңыз кешіккенімді түсінесіз дедім,Апай мырс етіп күліп, сырт айналды да:
– Немене сен кімді алдайын деп тұрсың? Әлде апайың саған ақымақ болып көрініп тұр ма? 2- сыныптың баласы әңгіме емес бір сөйлемді дұрыс құрастырып алсын. Жазушы боламын дейді Мұхтар Әуезов, Мұқағали болайын деп жүрсің бе? Тым күлкілі бәрібір бола алмайсың. Орынсыз қылжақты қой. Одан да босқа сенделмей, миыңды істетіп сабағыңды дұрыстап оқы, жазушы болам деуін қара мынаның. Одан не жазып, не табасың? Ондай өнер саған нан тауып бере алмайды – деді. Сыныптағылар күлкіге қарық болды. Мен қатты қызарып ұялып кеттім де, есікті серпе ашып жүгіріп шығып кеттім. Апай да соңымнан айғайлап жатыр.
– Бұл не қылғаны? Алдында ұстаз тұрса да, көзге ілмей шығып кетті. Енді қайтіп келуші болма, көргенсіз, – деп жатты артқы сөздері үзік үзік болып жақсы естілмеді. Мен ұзағынан ұзап, ағыл-тегіл боп жылап, өксіп үйге кіріп келдім. Мені көрген әжемнің шайдай ашық өңі қуарып:
– Не болып қалды? Бір жерің ауырып тұр ма шырағым? – деп сұрап жатыр. Ал анам қабағы түсіп:
– Әй, осы қыз бүгін тағы бірдеңені бүлдіріп, өзі сөгіс естіп келген түрі ғой, – деді. Мен «жоқ» деп, бастан-аяқ не болғанын баяндап шығып, енді математика сабағына қатыспайтындығымды айттым. Анам тұрып:
– Бәсе, айтқаным айдай келді. Осы қыз-ақ бірдемені бүлдіріп жүреді. Оқымай не істейсің? Апайыңның айтқаны дұрыс.Кішкене бола тұра арманшылын өзінің, – деп сөздің төркінін әкеме қарай бұрды әне оқығанда қояр,қояр деп ырқына көнуші едің ал енді қызыңды өзің жөнге келтір дегендей әкеме қарады. Әкем де анамды қоштағандай болып:
Апайыңа ренжіме, сен қазір кішкентайсың. Кім болатыныңды алдағы уақыт шешеді. Бармаймын дегенді қой, дұрыстап оқы, – деді. Әжем ғана мені құптап, басымнан сипап:
– Қызым, әрине апайыңның айтқандарымен мен келіспеймін. Әркімнің арманы болады. Сен апайыңның бір ауыз сөзіне бола жасыма. Қандай да болмасын, жазған әңгімең керемет болып кетпесе де, ол ішкі жан-дүниеңнің бұлқынысынан шыққан . Жазушылықтан не табасың дегеніне келсек, әдебиет деген көркем дүние, ол саудаға айналдырар бизнес емес. Сен түкке тұрғысыз атақ, ақша, болмашы жүлде үшін қанша тырмысып жазсаң да, ол ғаламат шығарма болмайды. Ол тазалықты, шынайылықты қажет етеді.Шынайылықпен жазған дүние әрқашан бағасыз қалмайды. Сол үшін ізденуің керек. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей біреудің сөзі үшін өзіңді тұншықтырма. Бірақ қазір сенің білім алып, оқу оқитын кезің. Басқа сабақтарыңнан да қалма, тең алып жүр, – деді. Мен сәл де болса жеңілденіп қалдым. Отбасымда бір адам болсын, қолдаушы тапқаныма қуандым. Ал әжемнен басқасы баса беруші еді. «Басқа балаларымызға ұқсамайсың, әйтеуір бір қылық шығарып жүресің» деуші еді. Сөйтіп өзім әрең жағып жүргенде тағы да ол кісілердің көңілін қалдырдым. Әуелі менің кесірімнен мектеп бастығынан сөз естіп, қай-қайдағы біреуге көздерін де шұқытым. Ол мына жағдайдан кейін еді:
Қыс мезгілі болатын, Салқын ауа. Аппақ тонның қатпары тәріздес қарлы дала көсіліп жатыр. Мен бір түн тоқтаусыз жауған қарға малтығып, мектепке қарай әрең келе жатсам, сыныптасым да соңымнан келіпті.
– Эй, жазушылықты армандайтын қыз ,кәне жолда болған оқиға деп меніде қосшы әңгімеңе деп мырс, мырс күліп, – мазаққа айналдырып қарға аяғымен шалып жіберіп, екпетімнен түсірді. Менде қарап тұрмастан, көбік қарды екі қолыммен уыстай алып, алқаштардың жолда қалдырған арағының бөтелкесін жол бойындағы дуалдың сыртына бір қойып шақтым да, қардың ішіне сынған әйнекті араластырып салып, қатты қылып домалақтап алып, сыныптасымды қуып жеттім да сөзге айналдырып өзіме қаратып алып,домалақтап алған қарды бетіне қарай атып қалдым. Домалақтанған қатты қар оң жақ бетіне тиді де, екіге бөлініп түсті. Ал ішіндегі әйнек томпақ бетіне қадалды да қалды. Қан судай аққан бетін екі қолымен басып, жылаған күйі мектепке кіріп, директор бөлмесіне бір-ақ тартты. Мен қатты қорықтым. Үйге кетіп қалмақшы болып қақпаға қарай кері бұрыла бергенімде қырсыққандай сынып жетекшіміз Жанар апай шығып қалып:
– Есің дұрыс па сенің? Кері кетіп бара жатырсың ғой. Сабақ қайда, сен қайда? – деп қадалды. Ұсталған жерім сол болды, амалсыз сабаққа кірдім. Үй жұмысын да жасамай барғам. Жаңа ғана бүлдірген ісім анау. Басыма ақырзаман төнгені осы болды деп отырғанда, директор беті жара-жара Нұрланды ертіп кіріп келді де, оны сынып жетекшіге қосып емдеу орталығына жіберді. Ал мені өз бөлмесіне шақырып алып, жарты күн бойы ұрысып тұрғызып қойды. Ата-анамды шақыртты. Қатты ашуланған директор:
– Не деген бассыздық, қандай тәрбие бергенсіздер? Қыз бала осындай іс-әрекетке баруы дұрыс емес қой– деді. Әке-шешемде үн жоқ, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздап отыр. Бір уақытта Нұрланның әкесі алқам-салқам болып, долданған теңіздей буырқана әкемнің көзіне шұқып:
– Осыдан баламның бетіне бір сызық тыртық қалып көрсін, әлі-ақ көрсетем мен сендерге, – деді. Екі ортада директор басу айтп жүр.
– Болды, бала ғой. Әлі еттері жас, балғын. Жазылып кетеді, – деп жүріп оттай өршіген жалынды ашуының қызуын әрең басты. Мен әке-шешемнің отырыстарын көріп, қатты қиналып кеттім. «Енді ешқашан ешкімге сөйлемеймін, мейлі олар қанша мазақ етіп сөйлеседе, мен оған қарсы келмеспін» дедім. Анам сабырсызданып, сол тұрған орнында ұрысып тұр тіпті ұрып тастағысы да келіп тұр. Қайтсін енді, менің қылықтарым жандарына батып кеткен ғой. Ал әкем сабырлы болғандықтан, көп алдында өзін ұстай білетін жасытқысы келмеді ме үндемеді. Арада біраз үнсіздіктен кейін бетін бес жіппен тіккен Нұрланды мен анасын ертіп сынып жетекші келді.Біздің де тал түске дейін күткеніміз сол еді.Сынып жетекші менен әбден шаршаған кескінмен:
– Ал сыныбымыздың бас атаманы жауап бер бұндай жағдайға не алып келді төрт қара көз түгел айт енді деді.Мен бастан аяқ не болғанын бірақ айтып шықтым тағы да намысымды жібермей өзімді ақтағым келді бастаған өзі деп тұрмасым бар ма? Апай, ашуға булығып даусын көтеріп:
– Бастаса бастасын бірақ өз әрекетің дұрыс деп қарайсың ба? Бата тимей қата тиіп көзіне тисе қайтер ең ал батырсымақ бұған не дейсің? бұдан бұрында істеген ісің жетерлік бірақ ата анаңды танитын ,силайтын кісілер болғансоң шақырып әуреге салмайтынмын бүгін мына жағдайдан кейін жасырып жаба алмаймын бәрін айтуға тура келді деп. Менің Аякөзге Тарымның шәйі деп сұйық май араластыра салған суды ішкізе салып ішін сүрдіргенімді,Нарұл тұрып сабақ айтып болғансоң орнына отыра бергенде орындығын тартып қалып оңбай жыққанымды, Жайнаның шашына саыз жапсырып салғанымды бәрі-бәрін жіпке тізген маржандай қылып айтып жатты мен өз-өзімді қоярға жер таппай кеттім, Иии өзімді-өзім ақтап нем бар еді өзі бастады деп, қап бәрін өз үстіме алып кешірім сұрағанда басқаша боларма еді,оңбай кеткір-ай осының бәрін айтқызып тұрған өзім ғой деп өзімді жеп барамын.Жанар апай бәрін жайып салып рахаттанып тұрып бір күрсініп демін шығарып алды, ал енді не істейсіздер сыныптан бірдене шықса не болмаса біреуі жылап шағыи айтқалы келе жатса болды осы қыздың бүлдіргенін бірден біле қоямын.Шаршатты,мүмкін ақылдысып көрерсіздер басқа сыныпқа ауыстыруды дегенде ақ, анадайда өзімен-өзі бағаналы әңгімемізге бір ауыз сөз араластырмай отырған Малика апай түсінен шошып оянғандай ойбу менде қабылдай алмаймын мұндай оқушыны мүмкін сіздерге қазір еркелеп мінезін өзгерте алмай жүрген шығар басқа мектепке апарарсыздар деген ұсынысты тастады.Ата-анамда өздері қателік істегендей апайлардын кешірім сұрап өз іштерінде шешетінін айтып үйге қайттық.Үйге келген соң, әңгіменің үлкені басталды. Әкемде мүлдем ашу жоқ деп еркелеп, керісінше анамнан именіп жүруші едім. Ол ойым қате болып шықты. Бірақ әкем ұрған жоқ, ұрысқан жоқ, тек бір ауыз сөз арқылы жөнге салды. Содан менің мектебімді ауыстырып жіберді.Қаладағы күні бойы оқытатын жеке мектептің біріне апарды.Ал енді оқығаның өзіңе жақсы, оқудан басқа не істейсің деді.
Жаңа мектепте жаңаша өмірім басталды ,ол жерде өте қатаң тәртіп болды. Ұйықтап жатқан орныңнан күнде таңертең сағат бесте жұлып алады: бірінші жүгіреміз, екінші ретке тұрып, асханадан тамақ алып тамақтанамыз, оның үстіне күнде тазалық деген бәле бар. Басыңнан аяғыңа дейін тексеріп шығады, сәндік бұйым тақтырмайды. Тырнақ, шаш, Киім киісіңнің реттілігін тексертіп барып, сыныпқа кіресің. солардың бірі дұрыс болмаған жағдайда біттің дей бер, еститін сөзіңді естисің, тиісті жазаңды аласың шытрабыңды төлейсің,ол жағы тағы ата-анаңды қинау,Ал оқу тәртібі Кеш батқанша оқисың. Орталықта түскі үзіліске бір сағат, кеште кешкі тамақтанып алуға бір сағат береді. Содан соң қайта сыныпқа жиып алып, сол күндегі өтілген сабақтардың үй жұмысын орындатады да, сағат тоғызда жатақханаға қайтарады. Жарықты сөндіріп, сағат онда жатып боламыз. Күнделікті осындай тіршілік, өзгеріс жоқ. Емін-еркіндікке үйреніп қалған мен бастапқыда көндіге алмай, қаншалықты қиналғанымды өзім білемін.Ұнатпайтын пәндерімді оқығым келмейді әсіресе математика пәні. Сол үшін кетіп қалудың айласын жасап, сұқ саусағымды көмекейіме тығып жіберіп, лақ еткізіп құса салып, асқазаным бұзылып тұр деп кетіп қалып жүрдім. Кейде саусағымның буынынан скотчпен қатты қысып орап тастаймында, қан толып ұйыған жағын цирколдың үшімен аз тесіп жіберемін де, мұрныма жағып-жағып қойып, мұрнымнан қан ақты деп шығып кетіп кітапқанаға келіп өз қалаған авторларымның кітабын оқып отыратын ем. Бірақ бұл айлам ұзаққа апармады, оған парталасым кінәлі. Онымен қақтығысып қалған едім. Бұл әрекеттерімді одан басқа жан пендесі білмейтін. Апай, соған медель беретіндей бәрін айтып қойған.Оны естіген апай шамданып мені шақырып алып:
– Оқығың келе ма ? онда мектеп тәртібіне бағынып оқы,Оқығың келмей ма? Өзіңді қинама бұл түйінді мектеп, сенің сабаққа қатысқың келсе қатысып қатысқың келмесе түрлі сылтаумен қашып кететін еркелігіңді көтеретін орта емес.Қай мектепке барсаң де сол деді. Ата-анаңды шақыртып айтайын,қайдан келгенсің өзі басымды ауыртпай кет... Мен бірден зәрезеп болдым,сонда барып бұрынғыдай емес өскенімді байқадым, менің ата -анамды шақырса біткен жерім осы болар, мені осы мектепке алып келіп көңілдері орныққанда , және үмітсіздендіретін болсам ұят қой , басқа мектепке апарса қай мектепке апарады? Бәрі бір бұрынғы мектебіме апарып тастаса қайтем, Ол жерде Жанар апай қабылдамаса тағы өлім.Кейде ойлап тұрсаң қызық, әдеби шығармаларда бір шығарманы жазып алап қайта қарап қанша жерден қайталай өңдеп өзгертсеңде бола береді көркемдігінен таймайды, ал математика есеп қисапты бір шығарып шығындысын шығарған соң қайталап өзгертіп шығарсаң, басқа шығару жолын білмесең көбінде қате болып шығады, сол сиақта математика мұғалымдеріде өз пәніне қалама білмейсің қит етсе болды, бірден ата– анаңды шақырам, бұл мектептен әкетсін деп шыға келеді, ал енді мына апайда солай, не болсада Жанар апйдың алдына қайта бармай ақ қояиын, мына апайға жалынсамда осында қалайын деп шештім, себебі бұған Жанар апай ғана себепкер емес. Бұл мектеп қаншама тәртібі қатаң болса да, Өз арманың жолында өсетін мектеп. Ең таңдаулы мектеп болғансоң ішінде түрлі үйірменің бәрі бар.Мен өзімді алып айтсам шығармашылыққа жақын болғандықтан шығармашылық жақтан көптеген қолдауға ие болдым. әдебиеттен беретін Ержан ағай жазған әңгімемді, мақалаларымды балалар әдеби газет-журналына шығартып, шабыт беріп отыратын ды. Және жақсы араласатын құрбыларым да көп болды. Сол үшін де басқа жаққа кеткім келмейді. Ата-анамның да көңіліне су сепкім жоқ. осыларды ойлап ендігі жерде апайға жалына бастадым, кешіріңіз бір жолға орай беріңізші дедім, апайда Жанар апайға қарағанда бір есептің бірнеше шығару жолын білетін сиақты, бір жолдан жоқ демей, осында қалуыма орай берді. Осылайша тоғызыншы сыныпқа дейін осы мектепте тып тыныш оқып бітіріп, балалық күндерімнің көңілді де қызықты елестеріне сан мыңдаған білім иегерлерін тәрбиелеп отырған мектебіммен біржолата қош айтысып ұзап кеттім.
Бір өкінерлігі осы оқуды бітірген жылы еркелетіп отыратын қалтасының түбіндегі ұсақ ақшасын сары майдай сақтап қойып, мен келгенде «кітап алып оқы» деп беретін әжеммен мәңгілікке қош айтыстым. Үйдің бұрышында әжеме арналған төсек бар еді. Соның қаңырап қалғанын көргенде, көңілім құлазып, көз жасым екі өңірді жуатындай ағыл тегіл ағатын. Кейде әжемдей ақ шылауышты әжелерді көзім шалып қалғанда, өз әжеме ұқсатып, қасыма келгенін күтіп ұзақ тұратынмын. Өз әжем еместігіне көзімді жеткізіп, қайта қайтатынмын. Ең алғаш әріп танып кітап ашып оқи бастағанда, «балалар ертегісін» әкеліп беріп, өзім оқиын десем көз жетпейді бұлдырап «мен тыңдаймын, сен оқы»деп оқыта беретін. Осылай менің кітапқұмарлығымды арттырған және сыныптағы балаларға қарағанда жылдам оқуға жетелеген әжем еді. әжемнің ақырғы арманы да сол – мені бір жетістікке жетіп, шығармашылық жолында биік белеске көтерілсе деп күткен. Бұл өмірден қоштасар сәтінде де атымды атап жатып көз жұмған екен. Өз құлағыммен ақырғы үнін естімегеніме қатты өкінемін.Есейіппін өкініштің не екенін түсініп білдім ал бала кезіміз ше еш уайымсыз, қайғысыз, ең бақытты қайта келмес шақ екен ,Мен балалығымды қатты армандаймын.Әттең , бірақ сол шаққа орала алмаймыз.