Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» - 2025 ұлттық сыйлығының номинанттары анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Биыл ұлттық бәйге 11 номинация бойынша өткізілді. Байқауға журналистерден 400-ден астам өтінім келіп түсті. Үміткерлер арасынан үздік жұмыстарды анықтау үшін тәжірибелі журналистер мен медиа-менеджерлерден құралған тәуелсіз қазылар алқасы жұмылды.
Нәтижесінде, шорт-листке 44 номинант енді.
«ҮРКЕР» - 2025 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 7 қараша күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.
Қазақстандық «ҮРКЕР» ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін беріледі. Сыйлық талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аудару мақсатында 2017 жылы тағайындалған.
«ҮРКЕР» – 2025 ұлттық сыйлығының номинанттары
Шорт-листке 44 номинант енді:
Жылдың үздік сұхбаты:
- Әсет Қали – «Айқын» газеті
- Ризабек Нүсіпбек – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі
- Бауыржан Карипов – Qaz365.kz ақпарат агенттігі
- Тоғжан Ғани – «Время» газеті
Жылдың үздік репортажы:
- Иван Сухоруков – Tengrinews.kz сайты
- Ризабек Нүсіпбек – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі
- Ольга Золотых – Zakon.kz сайты
- Ләззат Құсаинова – Liter.kz сайты
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал:
- Тамара Вааль – Vlast.kz сайты
- Мұрат Аяғанов – «Егемен Қазақстан» газеті
- Бота Ибраева – Zakon.kz сайты
- Көктем Қарқын – «Айқын» газеті
Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
- Алтынай Сағындықова – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі
- Ерсін Мұсабеков – Ortalyq Qazaqstan газеті
- Рыскелді Жахман – Inbusiness.kz ақпарат агенттігі
- Майра Ерғали – «Атырау» газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы:
- Балжан Смаилова – Inbusiness.kz ақпараттық агенттігі
- Шапағат Әбдір – «Астана Ақшамы» газеті
- Айнұр Шошаева – Kursiv қоғамдық-саяси медиасы
- Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті
Радиостанциядағы үздік жоба:
- «Нысана» – «Шалқар» ұлттық радиоарнасы
- «Ұрпақтар ұмытпайды» – 102 FM радиосы
- «Еңбек адамы» - ORDA FM радиосы
- «Тіл білімі, саясаты» – ALQA радиосы
Жылдың үздік фотосуреті:
- Юрий Беккер – «Казахстанская правда» газеті
- Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті
- Қуандық Төлемісов – «Актюбинский вестник» газеті
- Алтынбек Қартабай – «Ар-Ай» газеті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
- Zakon.kz
- Newtimes.kz
- Inbusiness.kz
- Adyrna ұлттық порталы
Үздік өңірлік БАҚ:
- «Астана ақшамы» газеті
- Life09 ақпарат агенттігі
- «Жаңақорған тынысы» газеті
- Lada.kz ақпарат агенттігі
Жылдың үздік подкасты:
- Айқап
- Qstar Group
- «Қазақстан тарихы»
- «Qalam»
Жылдың үздік YouTube-арнасы:
- Tengri TV
- Эксперты KZ
- Aigerim Seifolla
- The Фермер