Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түркістан облысында екі адам мінген жеңіл көлік суға түсіп кетті
445
оқылды

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарашық ауылында екі адам мінген жеңіл автокөлік белгісіз жағдайда Қарашық каналына түсіп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері үйлесімді және жедел әрекет етіп, құтқару арқанымен екі ер адам қауіпсіз жерге шығарды.

Сонымен қатар арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік судан шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу керек екенін еске салады.